12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ғарышқа алғаш жол тартқан иттер туралы не белгілі?

65 жыл бұрын, 1960 жылғы 19 тамызда, Белка мен Стрелка атты иттер алғаш рет орбитаға көтеріліп, аман-есен Жерге қайтып оралды. Бұл оқиға бүкіл адамзаттың ғарышқа қадам басуына жол ашты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі rbc.ru-ға сілтеме жасап. 

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ірі державалар ғарышты игеруге кірісті. Адамды бірден жіберу қауіпті болғандықтан, алдымен жануарларға сынақ жасалды.

АҚШ-та маймылдар ұшты, бірақ алғашқы төрт сынақтың бәрі сәтсіз аяқталды. Ал кеңес ғалымдары иттерді таңдады. Себебі олар сабырлы, үйретуге жеңіл, аштық пен қиындыққа төзімді, ұзақ уақыт қозғалыссыз отыра алады.Ғалымдар үшін ең қолайлысы көшедегі иттер болды. Олар көшеде өмір сүріп шыңдалғандықтан, ауруға төзімді, денсаулығы мықты, ақылды әрі адамға бейім.

Қандай иттер іріктелді?

Ғарышқа жіберілетін иттерге қатаң талап қойылды:

  • салмағы 6–7 келіден аспауы керек;
  • жасы 1,5 жылдан 5 жасқа дейін болуы қажет;
  • түсі көбіне ақ болғаны дұрыс (камерадан жақсы көріну үшін).

Олар Мәскеудегі арнайы зертханада дайындықтан өтті: тар кабинада ұзақ отыруға, ыстыққа шыдауға, арнайы скафандр киюге үйретілді.

Алғашқы қадамдар

1951 жылы алғашқы суборбиталық сынақ өтті. Дезик пен Цыган атты иттер 100 шақырым биікке көтеріліп, аман-есен парашютпен түсті. Бірақ басқа көп ит тәжірибе кезінде көз жұмды.

1957 жылы Лайка ғарышқа жіберілді. Ол алғашқы болып орбитаға шыққанымен, қайтып оралмады. Бұл тәжірибе тірі ағзаның ғарышқа ұша алатынын дәлелдеді.

1960 жылы Лисичка мен Чайка есімді иттер апатқа ұшырады: зымыран 19 секундтан кейін жарылып кетті. Осыдан кейін инженерлер апаттан құтқару жүйесін жетілдірді.

Белка мен Стрелканың тарихи ұшуы

1960 жылғы 19 тамызда Байқоңырдан «Спутник-5» зымыраны ұшырылды. Белка мен Стрелка бір тәулік ішінде Жерді 17 рет айналып шықты.

Олар герметикалық капсулада болды: ішінде оттегі, тамақ, су, температура мен тазалық жүйелері бар еді. Алғашында жүрек соғысы жиілеп, тынысы ауырлағанымен, кейін бәрі қалыпқа келді.

20 тамызда капсула сәтті қонды. Белка мен Стрелка – орбитадан аман оралған алғашқы тірі иттер болды.

Кейінгі тағдыры

Стрелка көп ұзамай алты күшік туды. Солардың бірін, Пушинка атты күшікті, Никита Хрущев АҚШ президенті Джон Кеннедидің жары Жаклинге сыйға тартты.

Белка мен Стрелканың сәтті миссиясынан кейін ғарышкерлерге жол ашылды. Бар болғаны 8 айдан соң, 1961 жылғы 12 сәуірде Юрий Гагарин «Восток-1» кемесімен ғарышқа ұшты. 

Фото: museumgagarin.ru

ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫ «БІР ТЕРЕЗЕ» ҚАҒИДАТЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС ІСТЕМЕК

Елімізде құрылыс сапасы бақылау орындарының тарапынан қатаң қадағаланатын болады. Парламент Мəжілісінің жалпы отырысында бірінші оқылымда қаралған Құрылыс кодексінің негізгі жаңалығы осы болып отыр.

На повестке – здоровье будущих поколений

ВОПРОСЫ ЗДОРОВЬЯ НАЦИИ, В ОСОБЕННОСТИ БУДУЩИХ ПОКОЛЕНИЙ, ВНОВЬ СТАЛИ ПРЕДМЕТОМ АКТИВНОЙ ПАРЛАМЕНТСКОЙ ДИСКУССИИ. ЧЛЕНЫ ДВУХ ПАРЛАМЕНТСКИХ ФРАКЦИЙ ВЫСТУПИЛИ С ДЕПУТАТСКИМИ ЗАПРОСАМИ, ЗАТРАГИВАЮЩИМИ ФУНДАМЕНТАЛЬНЫЕ АСПЕКТЫ, ОТ ПРЕДУПРЕЖДЕНИЯ РОЖДЕНИЯ ДЕТЕЙ С ТЯЖЕЛЫМИ ГЕНЕТИЧЕСКИМИ ПАТОЛОГИЯМИ ДО НЕОБХОДИМОСТИ ОГРАНИЧЕНИЯ ДОСТУПА ДЕТЕЙ К ВРЕДНЫМ ПИЩЕВЫМ ПРОДУКТАМ.

Елімізде екі жерде жұмыс істеуге бола ма?

Қазақстанда жұмыс берушілер қызметкерлермен арадағы еңбек шартын арнайы ақпараттық жүйеге жүктеуге міндетті. Алайда министрлік қанша адам екі жерде жұмыс істейтінін қадағаламайды және бұған заң бойынша тыйым салынбайды.

Қазақстандықтар Республика күнінде қалай демалады?

Республика күні - Қазақстандағы жалғыз ұлттық мереке, ол жыл сайын 25 қазанда атап өтіледі. Бұл мереке 1990 жылы Мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылданған кезде пайда болды. 2022 жылдан бастап Республика күні демалыс күні болып белгіленді.

Бүгін еліміздің тоғыз қаласында ауа сапасы нашарлайды

Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Өскемен, Ақтөбе, Алматы, Астана және түнде Қостанай қалаларында ауаның ластану деңгейі артуы мүмкін.