Жаңа оқу жылында жеке қауіпсіздік сабақтары қайта жүргізіледі

1 қыркүйектен бастап еліміздің білім беру ұйымдарында жеке қауіпсіздік сабақтары қайта басталады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқу-ағарту министрлігі мәліметінше, бұл сабақтар балалардың түрлі жағдайда дұрыс әрекет етуге қажет дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
 
Сабақтар балабақшалардан бастап колледждерге дейін білім берудің барлық деңгейін қамтиды. Әр жас ерекшелігіне сәйкес бөлек блок әзірленген:

  • балабақша — жедел қызмет нөмірлерін білу, ойын және демалыс алаңдарындағы қауіпсіздік ережелері;
  • бастауыш сыныптар — судағы және мұздағы қауіпсіздік, бейтаныс адамдармен кездескенде өзін ұстау, бұралқы иттерден қорғану;
  • орта буын сыныптары — буллинг пен кибербуллинг, бейтаныс адамдардың ұсыныстарынан бас тарту;
  • жоғары сыныптар мен колледждер — қаржылық сауат, алаяқтардан қорғану, онлайн ойындардағы қауіп, еңбек қауіпсіздігі, өз құқығы мен міндетін білу, т.с.с.

Сабақтар әр аптада сынып сағаты аясында 10 минуттан өткізіледі және тақырыптар жылына үш рет қайталанады.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.