Бестеректегі трагедия: зардап шеккен балалардың жағдайы қалай?

Абай облысы Үржар ауданында көлік қаққан екі бала Астанадағы көпбейінді балалар ауруханасында емделіп жатыр, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі «КТК» телеарнасына сілтеме жасап.

Арна мәліметінше, аяқ-қолы сынған бүлдіршіндердің жағдайы өте ауыр. Оларды бірден жансақтау бөліміне жатқызған.

Тоғыз жастағы қыз баланың бас сүйегі мен иығына зақым келген. Ал алты жасар ұл баланың екі аяғы бірдей сыныпты. 

«Екі баланы санавиация жеткізді. Қыз баланың жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр, тыныс алу аппаратында жатыр. Қан қысымы тұрақсыз. Ұл бала бірнеше жерінен ауыр жарақат алған, аяғы да сынған. Ол да жансақтау бөлімінде жатыр», — дейді медициналық бөлім жөніндегі директордың орынбасары Динат Қожекенов.

Еске салайық, 19 тамызда Абай облысы Бестерек ауылында кәмелетке толмаған балаларды көлік қағып, салдарынан үш бала көз жұмғаны хабарланды. Үш бала ауыр жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.

Кейінірек екі бала Астанаға жеткізілді.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.