Бензинге қатысты жағдай: Қазақстан шекарадағы бақылауды күшейтеді

Үкіметте ЖЖМ нарығындағы жағдай бойынша кеңес өткізілді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов, қаржы вице-министрі Ержан Біржанов, ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепехи, Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Қайрат Бижановтың, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі өкілдерінің қатысуымен отандық ЖЖМ нарығындағы ағымдағы жағдай бойынша кеңес өткізді.

Күн тәртібінде ішкі нарықты жанар-жағармаймен тұрақты қамтамасыз ету және шекара маңы облыстарындағы мұнай өнімдерінің айналымына бақылауды күшейту мәселелері қаралды. Энергетика министрлігінің мәліметінше, нарықтағы жағдай тұрақты, қажетті отын қоры жеткілікті.

Жиын соңында премьер-министрдің бірінші орынбасары жауапты мемлекеттік органдарға мұнай өнімдерінің заңсыз ағынына жол бермеу және мемлекеттік шекарада бақылауды, оның ішінде өңірлерде тауарлар қозғалысы мен отын шығынына мониторинг жүргізу арқылы бақылауды күшейту бойынша егжей-тегжейлі жоспар әзірлеуді тапсырды.

«Мемлекеттің басты міндеті ішкі қажеттіліктерді қамтамасыз ету. Бағадағы алшақтық пен логистика тапшылықтың пайда болуына жағдай жасамауы керек», — деп атап өтті Роман Скляр.

Аталған мәселе Үкіметтің бақылауында.

Қазақстанда 4 млн адамның жұмысы өзгереді 

Мәжілістегі Үкімет сағатында еңбек нарығындағы өзгерістер және жасанды интеллектінің әсері талқыланып жатыр.

27 сәуірге арналған ауа райы болжамы

“Қазгидромет” РМК баспасөз қызметі 27 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Қазақстан тауық жұмыртқасын елге әкелуге алты айға тыйым салды 

Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі республикаға тауық жұмыртқасын әкелуге тыйым салу туралы бұйрық жариялады.

Мұғалімдерге 56 күн демалыс: Еңбек демалысы қалай есептеледі? 

Биыл 25 мамырда оқу жылы аяқталады. Оқушылардың емтихандары біткен соң мұғалімдер жыл сайынғы еңбек демалысына шыға бастайды. 

Әскерден қашқандар үшін жаңа шектеулер қарастырылып жатыр 

Қазақстанда әскерге шақыру жүйесі жетілдіріледі.