WhatsApp пен Telegram-ға тыйым салына ма? Министрлік жауабы

WhatsApp, Telegram және басқа да шетелдік мессенджерлерді қолдануға тыйым салынатыны рас па? Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жауап берді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Министрлік мәліметінше, WhatsApp, Telegram және басқа да шетелдік мессенджерлерді қолдануға тыйым салынады деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

«Жеке мақсатта шетелдік сервистерді қолдануға тыйым салынбайды. Aitu мессенджерін енгізу бастамасы тек орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға, сондай-ақ, квазимемлекеттік сектор ұйымдарына қызметтік коммуникация үшін ұсынылады. Оны мемлекеттік қызметкерлер тек жұмыс барысында қауіпсіздік мақсатында пайдаланады», — деп жазылған хабарламада.

Ведомство ақпаратына сүйенсек, Aitu қызметтік хат алмасудың, жұмыс чаттарының, жедел хабарламалардың негізгі құралына айналады.

«Оның басты артықшылығы — барлық сервер Қазақстан аумағында орналасуы, бұл деректі қорғау талаптарына сәйкес келеді», — деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Үкімет ұлттық мессенджерге көшетіні хабарланды. 

Қазақстанда 4 млн адамның жұмысы өзгереді 

Мәжілістегі Үкімет сағатында еңбек нарығындағы өзгерістер және жасанды интеллектінің әсері талқыланып жатыр.

27 сәуірге арналған ауа райы болжамы

“Қазгидромет” РМК баспасөз қызметі 27 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Қазақстан тауық жұмыртқасын елге әкелуге алты айға тыйым салды 

Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі республикаға тауық жұмыртқасын әкелуге тыйым салу туралы бұйрық жариялады.

Мұғалімдерге 56 күн демалыс: Еңбек демалысы қалай есептеледі? 

Биыл 25 мамырда оқу жылы аяқталады. Оқушылардың емтихандары біткен соң мұғалімдер жыл сайынғы еңбек демалысына шыға бастайды. 

Әскерден қашқандар үшін жаңа шектеулер қарастырылып жатыр 

Қазақстанда әскерге шақыру жүйесі жетілдіріледі.