12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Медиация әдістерінің және оны татуластырудың артықшылықтары

Медиация-дауды шешудегі медаиция әдісі, оның мақсаты – тараптардың дауды өз бетінше шешуіне көмектесу,өзара қанағаттандыру мен өзара тиімділік.

Қазіргі қоғамда жанжалдар мен даулар саны күн сайын өсуде. Мұндай жағдайлардың сотқа жетуі көбіне екі тарапқа да үлкен материалдық шығын әкеліп қана қоймай, психологиялық тұрғыда да ауыртпалық түсіреді. Сот процестері ұзаққа созылып, тараптардың уақытын, қаражатын және жүйкесін сарқып жібереді. Осыған байланысты Қазақстанда медиация институтын дамытуға ерекше назар аударылуда. Бұл – дау-дамайларды бейбіт жолмен, тараптардың ерікті келісімі негізінде шешудің тиімді құралы.

Медиация заманауи құқықтық мәдениеттің бір бөлігі ретінде танылып, қоғамның тұрақты дамуына, жеке және әлеуметтік қатынастардың нығаюына ықпал етеді. Ол – дауласушы тараптардың өзара тиімді шешім қабылдауына мүмкіндік беретін жаңа құқықтық феномен.

Медиацияның артықшылығы – дауларды тек заң аясында ғана емес, тараптардың мүдделерін ескере отырып шешуге жағдай жасауы. Азаматтық-құқықтық қатынастарда туындайтын дауларды сотсыз реттеу үрдісінің дамуы қазіргі таңда құқықтық жүйенің маңызды бөлігіне айналды. Бұл тәсіл құқықтық дауларды шешудің баламалы жүйесін қалыптастырып, сот жүктемесін азайтуға көмектеседі.

Медиация рәсімін ұйымдастырушы – медиатор. Ол келіссөздер жүргізу барысында тараптардың мүдделерін ескеріп, бейтарап шешім қабылдауға жәрдемдеседі. Медиацияның басты ерекшелігі – оның бейресми әрі ерікті сипатта жүргізілуінде.

Медиацияның қолданылу аясы кең. Ол азаматтық, отбасылық, еңбек және өзге де құқықтық дауларды, сондай-ақ жеңіл және орташа ауыр қылмыстық істерді қамтиды. Қазақстан заңнамасында да бұл институтқа ресми мәртебе берілген. 2011 жылы қабылданған «Медиация туралы» заңның негізгі мақсаты – азаматтық, әкімшілік, еңбек, отбасылық және кейбір қылмыстық істерді сотқа жеткізбей-ақ, тараптарды татуластыру арқылы шешуге жағдай жасау.

Медиация сотқа дейін де, сот барысында да қолданылуы мүмкін. Оның басты артықшылығы – уақыт пен қаражатты үнемдеу, тараптардың өзара сенімін арттыру, дауды бейбіт жолмен аяқтау. Сот процесімен салыстырғанда, медиация әлдеқайда жедел жүзеге асырылады және шығын көлемі де едәуір төмен.

Сонымен қатар, медиация құпиялылықты қамтамасыз етеді. Сот процесі ашық өтетіндіктен тараптардың жеке мүдделеріне нұқсан келуі мүмкін, ал медиацияда мұндай қауіп жоқ. Бұл әдіс тараптардың өзара қарым-қатынасын сақтап қалуға, болашақта ынтымақтастықты жалғастыруға ықпал етеді.

Қорытындылай келе, медиация – дауларды шешудің тиімді әрі өркениетті жолы. Ол тек қана құқықтық жүйенің дамуына емес, қоғамдағы тұрақтылық пен келісімнің нығаюына да үлес қосады.

Мұғалжар аудандық сотының судьясы А.А.Шунимов

Құқық үстемдігін қамтамасыз етудегі жаңа қадам – Кассациялық соттың рөлі

Қазақстан Республикасында жүргізіліп келе жатқан сот реформалары – құқықтық...

Конституция – ел бірлігінің берік негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясы – біздің мемлекетіміздің ең басты құжаты,...

Наследство по закону РК

Наследство - это переход имущества, прав и обязанностей умершего человека...

Сот шешімін түсіндірудің маңызы зор

Қай кезде де сотқа жүктелер жауаптылық төмен болмаған. Өйткені...

Жаңа кассациялық соттың маңыздылығы

Мемлекет басшысы 1 шілде 2025 жылдан бастап қылмыстық, азаматтық...