12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Кассациялық сот

Елімізде сот жүйесінің транспартенттілігін және тиімділігін арттыруға бағытталған реформалар жүріп жатыр. Осы реформалар аясында Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты құрылды. Ал 2025 жылғы 1 шілдесінен бастап дербес кассациялық соттар жұмыс жасайды.

    Осыған орай «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы №132 Конституциялық заңына 2024 жылғы 5 шілдедегі № 109-VIII «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Онда жаңа сот сатысы – кассациялық соттар енгізілді.

    Республикада дербес кассациялық соттар сатысын құру мәселесіне 2023 жылы Президент тоқталған болатын.

    Бұл өзгерістер барлық іс санттарының кассациялық тәртіпте қайта қаралуына мүмкіндік берді.

    Бұған дейін кассациялық саты Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соттың құрамында болды. Бұрын барлық істерді кассациялық тәртіпте қайта қарауға мүмкіндік болмады. Өйткені процесстік заңдарда оған шектеулер болды.

    Соңғы өзгерістерге сәйкес, кассациялық сот сатысы Жоғарғы Соттың құрамында емес, дербес болады. Жаңа дербес кассациялық сот 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша құрылып, апелляциялық сот алқасының қабылдаған актілерін қайта қарау құзыреті ие болады.

    «Кассация (латынша quasso – талқандаймын, қиратамын, cassation – жою, бұзу) деген мағынаны білдіреді.

    Кассациялық саты жергілікті және басқа соттардың заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарайтын саты болып табылады.

    Сот инстанциясы немесе сатысы – соттық іті қарау деңгейіне орай белгілі бір құзыреті бар өндірісінің сатысы. Сот сатылары бірінші сатыдағы соттар, апелляциялық сатыдағы және кассациялық сатыдағы сот сатыларынан тұрады.

    Дербес кассациялық соттардың негізгі функцияларына мыналар жатады:

—    Сот шешімдерінің заңдылығын тексеру, яғни істі мәні бойынша қарамай, дәлелдемелерге баға бермей, тек процестік және материалдық құқық нормаларының дұрыс қолданылуын тексереді;

—    Сот қателіктерін түзету, яғни кассациялық төменгі тұрған сот шешімінің қателігін анықтайды, оларды түзейді. Егер төменгі сатыдағы сот қателікке жол берсе, онда кассациялық сот аталған шешімді өзгертіп не күшін жояды;

—    Еліміздегі біркелкі сот практикасын қалыптастырады.

Қорытындылай келе еліміздегі дербес кассациялық соттардың құрылуы заман талабы болғандықтан, адам құқықтарын, ұйымдардың заңды мүдделерін қорғаудың заңдық кепілі және механизмі болып табылады.

Қызылорда облысының мамандандырылған

ауданаралық әкімшілік соттың бас маман

сот отырысының хатышысы Д.Қ. Минаж

Ұзақ жыл мемлекеттік қызметте жұмыс жасауға көмектесетін құндылықтар

       Мемлекеттік қызметке жұмысқа орналасқан кезде айлығым 4000 теңгеге...

Еліміздің Ата Заңына 30 жыл!

Биыл Ата заңымыздың қабылданғанына – 30 жыл. Қазақстан Конституциясы...

Сот кабинетінің ерекшелігі

Қазіргі уақытта ғылым мен техника қарыштап, дамыған елдерде қағазбастылықтан...

Қарамола ережесі: Абайдың әділетпен өрілген аманаты

Бүгінгі мақаламда, ұлы ақын, ойшыл ғалым, әрі ағартушы Абай...

АРЫЗ АЗАМАТТАРДЫҢ ЖЕТІК БІЛЕТІН ТІЛІНДЕ ӘЗІРЛЕНУ КЕРЕК

Қазақ тілінің әкімшілік сот ісін жүргізуде Әкімшілік рәсімдікпроцестік кодекстің...