Бетті тұмашалауға тыйым: ІІМ заң нормасын түсіндірді

Полиция бетті тұмшалауға тыйым салатын заң нормасын түсіндірді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ІІМ мәліметінше, заңнамалық түзетудің мақсаты — қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау.

«Ол үшін кейде адамдарды жедел түрде, соның ішінде бейнебақылау камералары арқылы сәйкестендіру қажет болады. Сол себепті заң қоғамдық орындарда балаклавалар, маска, никаб сияқты бет-әлпетті толықтай жауып тұратын және жеке тұлғаны тануға кедергі келтіретін киімдерді киюге тыйым салады», — деп жазылған хабарламада.

Неге тыйым салынбайды?

Ауа райына немесе медициналық көрсетпелерге негізделген себептерді қоспағанда, аязда шарф тағуға немесе медициналық маска киюге тыйым салынбайды. Сондай-ақ, азаматтық қорғаныс мақсатында, қызметтік (лауазымдық, еңбек) міндеттерді орындау үшін бет-әлпетті жабу қажет болған жағдайда тыйым салынбайды. Бұдан бөлек жаппай, спорттық және мәдени іс-шараларға тікелей қатысатын адамдарға, мысалы аниматорларға да рұқсат етіледі.

Еске салайық, бет-жүзді жабатын киімге тыйым салу туралы ұсыныс маусымның басында Сенаттағы жұмыс тобының отырысында көтерілген болатын.

Кейінірек ішкі істер министрі Ержан Сәденов қоғамдық орындарда бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киім-кешек киюге тыйым салу туралы бастамаға пікір білдірді.

Аида Балаева Джеки Чанға мәдени байланысқа қосқан үлесі үшін алғыс айтты 

Балаева Джеки Чанды Қазақстандағы түсірілімнің басталуымен құттықтады.

Жұмыссыз қалғандарға қолдау: Жәрдемақыдан бөлек қандай мүмкіндіктер бар? 

Қазақстанда жұмыстан айырылу бұрынғыдай тек табыссыз қалу дегенді білдірмейді. Соңғы жылдары мемлекет азаматтарды уақытша қаржылай қолдап қана қоймай, оларды қайта еңбек нарығына бейімдеуге бағытталған бірнеше тетікті қатар іске асырып келеді.

Партиялар съезі саяси айқасқа айналды: Кім кімді ашық сынап жатыр?  

Партия съездері тек бағдарламалық құжаттарды бекіту алаңы ғана емес, саяси күштердің бір-біріне ұстанымын ашық көрсететін мінберге айналды.

Alatau City «жасыл» технологияларды енгізетін пилоттық алаңға айналуы мүмкін 

Кездесу қорытындысында тараптар ұзақ мерзімді әріптестікті дамытуға мүдделі екенін растап, инвестициялық жобаларды нақты пысықтау жұмыстарын жалғастыруға келісті.

Елімізде психологтардың кәсіби қызметіне бірыңғай талап енгізіледі

Қазіргі уақытта министрлік қажетті нормативтік құқықтық базаны әзірлеп жатыр.