Әртістер концерт немесе тойдың онлайн трансляциясынан түскен табыстан салық төлеуі керек пе?

Әртістер концерт немесе тойдың онлайн трансляциясынан түскен табыстан салық төлеуі керек пе? Бұл сауалға қаржы министрі Мәди Такиев жауап берді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Үкіметтегі брифинг барысында журналистер Қаржы министрлігінің басшысына кейінгі кезде танымал қазақстандық әртістер концерттері мен іс-шараларының трансляциясын ақылы түрде әлеуметтік желілерде сата бастағанын айтты.

«Сәкен Майғазиев пен Қайрат Нұртас сияқты танымал әншілер өздерінің концерттері мен тойларын оқырманына сата бастады. Олар онлайн концерттерден немесе тойлардан түскен қаржыдан табыс салығын төлеуі керек пе?» — деп сұрады журналистер министрден.

Қаржы министрлігінің басшысының айтуынша, мұндай кіріс табыстың кез келген басқа түріне теңестіріледі, оған қоса міндетті түрде декларациялануы қажет.

«Салық төленуі керек. Бізде Конституция бар. 34-бапқа сәйкес кез келген адам салық төлеуге міндетті. Сондықтан қосымша табыс түссе, салық төлеу керек. Мысалы әртістер той жасайды, жұрт оны TikTok-тан көреді. Жалпы бір жыл ішіндегі барлық кіріс декларацияда 2026 жылғы 31 наурызға дейін көрсетілуі керек. Содан кейін 2026 жылғы 10 сәуірге дейін салықтың 10 пайызын төлеу керек», — деп түсіндірді қаржы министрі.

Елімізде психологтардың кәсіби қызметіне бірыңғай талап енгізіледі

Қазіргі уақытта министрлік қажетті нормативтік құқықтық базаны әзірлеп жатыр.

Мемлекет басшысы Жоғарғы Соттың төрағасын тағайындады 

Асламбек Мерғалиев Қазақстан Жоғарғы Сотының төрағасы болып қайта тағайындалды.

Президент Бас прокурорды тағайындады 

Берік Ноғайұлы Асылов Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры лауазымына тағайындалды.

Ресейдегі жанармай дағдарысы Қазақстанға қалай әсер етеді?

Ресейдегі мұнай өңдеу зауыттарына жасалған шабуылдар жанармай тапшылығын күшейтті. Сарапшылар бұл жағдай Қазақстанға да белгілі бір тәуекелдер туғызатынын айтып отыр.

Мемлекеттік туды пайдаланудың жаңа ережелері бекітілді 

Мемлекеттік туды жеке тұрғын үйлерге биіктігі 3 метрден кем емес жерде орнатуға болады.