Сорбұлақта жоғалған әскери тікұшақ: марқұмдар туралы не белгілі?

Қорғаныс министрлігі Сорбұлақта жоғалған әскери тікұшақ экипажының мүшелері туралы ақпарат жариялады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

10 тамызда экипаж командирі майор Нұржігіт Үйсінбаевтың денесі табылды.

«Ол эскадрилья командирінің (армиялық авиация) тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары болды. 1-сыныпты ұшқыштың EC-145 тікұшағын басқаруда тәжірибесі айтарлықтай зор, жалпы ұшу уақыты — 930 сағат. Жоғары кәсіби дайындығымен, жауапкершілігімен және әскери борышына адалдығымен ерекшеленген ол әріптестері мен қолбасшылық арасында зор құрметке ие болатын», — деп жазылған хабарламада.

11 тамызда капитан Бақтияр Ержігітовтің денесі табылды.

«1-сыныпты маманның EC-145 тікұшағын басқаруда тәжірибесі жеткілікті, жалпы ұшу уақыты — 300 сағат. Авиациялық бөлімдерде көп жылдық тәжірибе жинақтаған жоғары білікті маман бейіндік дайындықтан да өткен», — деп жазылған хабарламада.

12 тамызда экипаж командирінің көмекшісі, капитан Аман Амангелдінің денесі табылды.

«Тәжірибелі ұшқыш, күрделі метеорологиялық жағдайларда бірнеше мәрте ұшып жаттыққан. Түрлі ауқымдағы жаттығулар мен операцияларға қатысқан. Жоғары орындаушылық тәртібімен және мінсіз қызметтік беделімен ерекшеленген. EC-145 тікұшағындағы ұшу уақыты — 295 сағат», — деп жазылған хабарламада.

Қаза тапқан ұшқыштардың үшеуі де Әуе қорғанысы күштері әскери институтының түлегі.

Еске салайық, 25 шілдеде Алматы облысында EC-145 әскери тікұшағы радардан жоғалып кетті. 26 шілдеде тікұшақтың сынықтары Сорбұлақ көлінен табылды. 

Қазақстанда 4 млн адамның жұмысы өзгереді 

Мәжілістегі Үкімет сағатында еңбек нарығындағы өзгерістер және жасанды интеллектінің әсері талқыланып жатыр.

27 сәуірге арналған ауа райы болжамы

“Қазгидромет” РМК баспасөз қызметі 27 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Қазақстан тауық жұмыртқасын елге әкелуге алты айға тыйым салды 

Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі республикаға тауық жұмыртқасын әкелуге тыйым салу туралы бұйрық жариялады.

Мұғалімдерге 56 күн демалыс: Еңбек демалысы қалай есептеледі? 

Биыл 25 мамырда оқу жылы аяқталады. Оқушылардың емтихандары біткен соң мұғалімдер жыл сайынғы еңбек демалысына шыға бастайды. 

Әскерден қашқандар үшін жаңа шектеулер қарастырылып жатыр 

Қазақстанда әскерге шақыру жүйесі жетілдіріледі.