Бағанашылдағы балалар үйіне қатысты дау: үш шенеунік қызметінен айырылды

Алматы облысында үш шенеунік Алматыдағы «Бағанашыл» балалар үйінің тәрбиеленушілерін көшіру туралы оқиғадан кейін қызметінен айырылды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы облысы Білім басқармасы мәліметінше, Болат Күренбеков Президент әкімшілігінің келісімі бойынша облыс әкімінің орынбасары қызметінен босатылған.

«Білім басқармасы басшысы Салтанат Беспаева мен Ішкі саясат басқармасы басшысы Ерік Әбитов қызметінен босатылды», — деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар, Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасарына қатаң сөгіс жарияланған.

Бұған дейін не болды?

2025 жылы наурызда №1 облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілері мекеме Алматыдан Қонаев қаласына көшіріліп жатқанына шағымданды. Олардың үндеуі әлеуметтік желілерде пайда болды.

Кейінірек Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Алматы қаласындағы №1 балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездескен болатын.

«Біздің мақсатымыз — балалар өзін қауіпсіз сезініп, жан-жақты дамуы үшін қолайлы орта қалыптастыру. №1 балалар үйінің тәрбиеленушілері Алматыда қалады, ал жаңадан келетін балалар Қонаев қаласындағы заманауи кешенге орналастырылады», — деді бұған дейін өңір әкімі Марат Сұлтанғазиев.

Алайда Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек әлеуметтік желіде Алматы облысы Білім басқармасының 2025 жылғы 10 шілдедегі «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдаудың облыстық орталығы» КММ-нің орналасқан жерін өзгерту туралы» бұйрығын жариялады.

Кейінірек Алматы облысы әкімдігі мәлімдеме жасады. Әкімдік мәліметінше, мекеме Қонаевқа көшіріле бастаған, себебі мекеме орналасқан ғимарат апат жағдайында тұр.

Артынша «Бағанашыл» балалар үйін Президент әкімшілігінен келген комиссия тексерді. 

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.