Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаменті №79 мекемесінде Абай Құнаньайұлының 180 жылдығы аталып өтті

Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы, ойшылы, қазақ әдебиетінің жаңа дәуірін бастаған кемеңгер тұлға. Ол XIX ғасырдың екінші жартысында өмір сүріп, қазақ қоғамының рухани дамуына орасан зор үлес қосты.

Абай шығармашылығы – адамгершілік, әділдік, білім мен өнерді қастерлеу, бірлік пен ынтымақты дәріптеу идеяларына толы. Оның өлеңдері мен қара сөздері ұрпақты адалдыққа, еңбексүйгіштікке, мейірімділікке тәрбиелейді. Ақынның “Ғылым таппай мақтанба”, “Көзімнің қарасы” сынды шығармалары бүгінге дейін өз құндылығын жоғалтқан жоқ.

Абайдың 45 қара сөзі – қазақ қоғамының айнасы іспетті. Онда ол адам бойындағы кемшіліктерді сынап, жақсы қасиеттерді насихаттайды. Ақынның басты арманы – халқының мәдениеті мен білімін көтеру, өркениетті елдер қатарына қосу болды.

Мерекелік іс-шараның мақсаты – сотталған азаматтарға Абайдың өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып, олардың рухани дүниесін байыту, ой-өрісін кеңейту, адамгершілік құндылықтарға баулу. Бүгінгі #79 мекемесінде өткізілген мерекелік жиын – тек өткенді еске алу емес, сонымен қатар әрқайсымыздың жүрегімізге ізгілік пен үміт отын жағу болды.

Alikhan Bokeikhan University студенттері ерекше қауіпсіздік мекемесінің қызметімен танысты

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мен Alikhan Bokeikhan...

Организовано психологическое мероприятие для осуждённых под названием «Сказкотерапия»

В учреждении №20 Департамента уголовно-исполнительной системы по области Абай...

Студенты Alikhan Bokeikhan University посетили учреждение №20 в рамках меморандума о сотрудничестве

В рамках реализации меморандума о сотрудничестве между Alikhan Bokeikhan...

Alikhan Bokeikhan University студенттері ынтымақтастық туралы меморандум аясында №20 мекемеге барды

Alikhan Bokeikhan University мен Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі...