Қайтарылған активтер: 10 млрд теңгеден аса қаражат қайда жұмсалады?

Қайтарылған активтерден 10 млрд теңгеден аса қаражат Абай облысын сумен қамтуға жұмсалмақ, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан Абай облысында сумен жабдықтау желілерін салуға 10 млрд теңгеден аса қаражат бөлу туралы шешім қабылдады.

Өңірде жалпы 21 жоба жүзеге асырылып жатыр, оның жетеуі Семей қаласында.

«Сумен қамту жұмыстары ауылдық аумақтарды да қамтиды. Облыстың Бородулиха, Үржар және Абай аудандарында сумен жабдықтау желілері жүргізіледі», — деп жазылған хабарламада.

Нысандарды биыл пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Жалған ақпаратпен күрес: Елімізде қандай шаралар қабылдап жатыр? 

Қазақстанда жалған ақпаратқа қарсы күрес тек мемлекеттік деңгейде ғана емес, медиа, білім беру және азаматтық қоғам салаларында да маңызды бағыт ретінде қалыптасып келеді.

Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады?

2026 жылдың мамыр айында мерекелерге байланысты қазақстандықтар қосымша демалысқа шығады.

Көрші елде аусылдан мал жаппай қырылып жатыр. Індет Қазақстанға жетті ме?  

Ресейдің бірқатар өңірінде ауыл шаруашылығы жануарлары арасында індет таралып, жағдай ушығып барады.

Қазақстанда 4 млн адамның жұмысы өзгереді 

Мәжілістегі Үкімет сағатында еңбек нарығындағы өзгерістер және жасанды интеллектінің әсері талқыланып жатыр.

27 сәуірге арналған ауа райы болжамы

“Қазгидромет” РМК баспасөз қызметі 27 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады.