Әлемде азық-түлік бағасы өскен — БҰҰ

Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы өткен айда азық-түлік бағасы өскенін айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы азық-түлік бағалары индексі шілдеде 130,1 пункт болып, маусыммен салыстырғанда 1,6%-ға жоғары болды. Бұл негізінен ет пен өсімдік майларының әлемдік бағасының өсуімен байланысты.

Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы дерегінше, азық-түлік бағаларының индексі 2022 жылғы наурыздағы ең жоғары деңгейден 18,8%-ға төмен, бірақ 2024 жылғы шілдемен салыстырғанда 7,6%-ға жоғары.

Астық

Астық бағаларының индексі орта есеппен 106,5 пункт болды, бұл маусымнан 0,8%-ға төмен. Бидай мен сүрленген тары (сорго) бағасының төмендеуі жүгері мен арпа бағасының өсуін «басып озды». Солтүстік жарты шардағы бидайдың маусымдық өнімі де бағаның төмендеуіне әсер етті.
Күріш бағаларының индексі 1,8%-ға төмендеді. Бұған ірі экспорттық жеткізілімдер мен әлсіз импорттық сұраныс себеп болды.

Өсімдік майлары

Шілдеде өсімдік майлары бағаларының индексі 166,8 пунктке жетіп, кейінгі үш жылдағы ең жоғары көрсеткішке шықты. Бұл маусыммен салыстырғанда 7,1%-ға жоғары.
Пальма майы бағасы әлемдік жоғары сұраныс пен бәсекеге қабілеттіліктің артуынан өсті. Соя майы бағасы Солтүстік және Оңтүстік Америкадағы биожанармай өндірісінен тұрақты сұраныс күтілуімен байланысты жоғарылады. Күнбағыс майы бағасы Қара теңіз аймағынан экспорт көлемінің қысқаруына байланысты көтерілді. Ал рапс майы Еуропадағы мол өнімнің арқасында арзандады.

Ет өнімдері

Ет бағаларының орташа индексі 127,3 пунктмболып, жаңа рекорд орнатты. Бұл маусымнан 1,2%-ға жоғары. Сиыр еті мен қой еті бағасы, әсіресе Қытай мен АҚШ тарапынан жоғары импорттық сұранысқа байланысты өсті. Құс еті бағасы Бразилияның құс тұмауынан азат ел мәртебесін қайтаруына байланысты сәл көтерілді. Ал шошқа еті ұсыныстың артуына байланысты арзандады.

Сүт өнімдері

Шілдеде сүт өнімдері бағасының индексі маусыммен салыстырғанда 0,1%-ға төмендеп, 155,3 пункт болды. Сары май мен құрғақ сүт бағасы ірі экспорт көлемі мен әлсіз импорт сұранысына байланысты төмендеді. Бірақ ірімшік бағасы Азия мен Таяу Шығыс нарықтарындағы жоғары сұраныс пен ЕО-дағы экспорт көлемінің азаюына байланысты өсе берді.

Қант

Қант бағаларының орташа индексі 103,3 пунктті құрап, алдыңғы аймен салыстырғанда 0,2%-ға төмендеді. Бағаның төмендеуіне 2025–2026 жылдары әлемдік қант өндірісінің, әсіресе Бразилия, Үндістан және Таиландта, қалпына келетіні туралы болжамдар әсер етті.

Аида Балаева Джеки Чанға мәдени байланысқа қосқан үлесі үшін алғыс айтты 

Балаева Джеки Чанды Қазақстандағы түсірілімнің басталуымен құттықтады.

Жұмыссыз қалғандарға қолдау: Жәрдемақыдан бөлек қандай мүмкіндіктер бар? 

Қазақстанда жұмыстан айырылу бұрынғыдай тек табыссыз қалу дегенді білдірмейді. Соңғы жылдары мемлекет азаматтарды уақытша қаржылай қолдап қана қоймай, оларды қайта еңбек нарығына бейімдеуге бағытталған бірнеше тетікті қатар іске асырып келеді.

Партиялар съезі саяси айқасқа айналды: Кім кімді ашық сынап жатыр?  

Партия съездері тек бағдарламалық құжаттарды бекіту алаңы ғана емес, саяси күштердің бір-біріне ұстанымын ашық көрсететін мінберге айналды.

Alatau City «жасыл» технологияларды енгізетін пилоттық алаңға айналуы мүмкін 

Кездесу қорытындысында тараптар ұзақ мерзімді әріптестікті дамытуға мүдделі екенін растап, инвестициялық жобаларды нақты пысықтау жұмыстарын жалғастыруға келісті.

Елімізде психологтардың кәсіби қызметіне бірыңғай талап енгізіледі

Қазіргі уақытта министрлік қажетті нормативтік құқықтық базаны әзірлеп жатыр.