12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Абай облысында жас қызметкерлерді Абай Құнанбаевтың шығармашылығымен таныстыру күні өтті

Абай Құнанбаевтың 180 жылдығын мерекелеу құрметіне Абай облысының әйелдер колониясында жас қызметкерлерді қазақтың ұлы ақыны, философы және ағартушысы Абай Құнанбаевтың бай шығармашылық мұрасымен таныстыруға арналған тақырыптық күн өтті.

Іс-шара жастарды рухани-адамгершілік тәрбиелеу, мәдени деңгейін арттыру және ұлттық құндылықтарға баулу мақсатында ұйымдастырылды. Бағдарлама аясында қатысушыларға Абайдың өмірі мен қызметі туралы презентация ұсынылды, оның шығармаларынан үзінділер көрсетілді, сондай-ақ оның «қара сөздеріне»негізделген негізгі идеяларды талқылау ұйымдастырылды.

Абайдың білімге, адамгершілікке, патриотизмге және еңбекқорлыққа деген философиялық көзқарастарына ерекше назар аударылды. Жас қызметкерлер интерактивті викторинаға белсене қатысып, Абай өлеңдерін оқып, оның шығармашылығының қазіргі қоғамдағы маңызы туралы өз ойларымен бөлісті.

Іс-шара қорытындысы бойынша жас қызметкерлер мәдени бірегейлікті қалыптастыруға және ой-өрісін кеңейтуге ықпал ететін осындай бастамалардың маңыздылығын атап өтті.
Абайға арналған күн қызметкерлер үшін қазақ әдебиетінің классигімен танысып қана қоймай, одан әрі жеке және кәсіби өсу үшін шабыт көзі болды,- деп бөлісті мекеме бастығының орынбасары Анар Сабиева.

Для осужденных женщин проводились курсы профессиональной подготовки

В целях исполнения пункта 3.7 протокола, проведённого Руководителем Администрации...

Сотталған азаматшаларға кәсіби курстар өткізілді

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының А.А. Дадебай төрағалығымен өткен...

Жетісу облысында пробация қызметі профилактикалық шара өткізуде

Жетісу облысы Ескелді аудандық пробация қызметі жергілікті полиция қызметкерлерімен...