Пара алу күдігіне ілінген көлік вице-министрі қызметінен босатылды

Сәтжан Аблалиев көлік вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл ақпаратты Tengrinews.kz тілшісіне Үкіметтің баспасөз қызметі растады.

Тамыз айының басында бірқатар Telegram-арна вице-министр Сәтжан Аблалиевтің пара алып жатқан жерде ұсталғаны туралы хабарлаған. Кейінірек Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі вице-министрдің ұсталғанын растады, бірақ оның есімі нақты аталмады.

«ҰҚК-нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі пара алды деген күдікпен көлік вице-министрін ұстады және ол сот санкциясымен қамауға алынды», – делінген ведомство хабарламасында.

Қызмет пара алу фактісі бойынша жедел түсірілген бейнематериалдарды жариялады. Кадрларда құқық қорғау органдарының қызметкерлері шенеунікті көшеде тоқтатып, кейін оның үйінде тінту жүргізіп жатқаны көрінеді. Тергеу барысында вазадан қомақты көлемде қолма-қол ақша тәркіленген. Айта кетейік, Көлік министрлігінің сайтынан Сәтжан Аблалиев туралы ақпарат жойылған. Бұған дейін оның аты-жөні «Құрылым» бөлімінде көрсетілген еді.

Кеше ғана Премьер-министр Олжас Бектенов кеден қызметінің жұмысын дұрыс ұйымдастырмағаны және Ресей мен Қырғызстан шекарасындағы автокөлік өткізу бекеттерінің жөндеу жұмыстарын кешіктіргені үшін салалық министрліктерді сынға алған болатын.

Бектенов Мемлекеттік кірістер комитеті мен Автомобиль жолдары комитетінің басшыларын «жұмысты тиісінше ұйымдастырмағаны» үшін жазалауды тапсырды. Ал бұл комитеттерге жауапты Қаржы министрі Мәди Такиев пен Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевты өңірлерге жіберіп, тәртіп орнатуды жүктеді.

Право в режиме ожидания

В СЕНАТЕ ПРЕДЛАГАЮТ УСИЛИТЬ МЕРЫ ПО ОБЕСПЕЧЕНИЮ ЖИЛЬЕМ ДЕТЕЙ-СИРОТ,...

Жалған ақпаратпен күрес: Елімізде қандай шаралар қабылдап жатыр? 

Қазақстанда жалған ақпаратқа қарсы күрес тек мемлекеттік деңгейде ғана емес, медиа, білім беру және азаматтық қоғам салаларында да маңызды бағыт ретінде қалыптасып келеді.

Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады?

2026 жылдың мамыр айында мерекелерге байланысты қазақстандықтар қосымша демалысқа шығады.

Көрші елде аусылдан мал жаппай қырылып жатыр. Індет Қазақстанға жетті ме?  

Ресейдің бірқатар өңірінде ауыл шаруашылығы жануарлары арасында індет таралып, жағдай ушығып барады.

Қазақстанда 4 млн адамның жұмысы өзгереді 

Мәжілістегі Үкімет сағатында еңбек нарығындағы өзгерістер және жасанды интеллектінің әсері талқыланып жатыр.