Еліміздің Ата Заңына 30 жыл!

Биыл Ата заңымыздың қабылданғанына – 30 жыл. Қазақстан Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданған болатын.

Осы аралықта Конституциямызға бірнеше рет өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Тәуелсіздіктің төлқұжаты саналған Конституция 1995 жылы демократиялық, зайырлы мемлекеттің заңы болып қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда елдің жаңа Конституциясын қабылдау жөнінде бүкілхалықтық референдум өтіп, оған сайлаушылардың 90,58 пайызы қатысты. Қатысушылардың 89,14 пайызы жаңа Конституцияның қабылдануын қолдады. Мемлекет өз тәуелсіздігін жариялағалы бері Ата заң төрт рет өзгерді. Сол уақыттан бері Ата заң халық пен мемлекет арасындағы коммуникативтік күшке айналды. Бүінгі таңда Қазақстанның Ата заңы әлемдегі ең жас Конституциялардың бірі болып саналады.

Биыл «Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заң жобасы қолға алынды. Заң жобасына сәйкес төмендегі тұлғалар негізгі жазадан босатылады:

залалдың немесе азаматтық талаптың болуына қарамастан ауырлығы орташа қылмыстар жасаған әлеуметтік осал адамдар.

қылмыстық теріс қылық немесе жеңіл қылмыс жасаған адамдар;

залал келтірмеген ауырлығы орташа қылмыстар жасаған не оның орнын толық өтеген не азаматтық талап қойылмаған адамдар;

Бұл Ата заңымыздың отыз жылдығының еліміз үшін маңызы зор екенін аңғартады. Еліміз үшін басты құжат ел мұраты жолында қызмет ете бергей!

Оспанова Мөлдір Беркінқызы,

Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының судьясы

Экстрадициялық қамақты санкциялаудың маңызы зор!

Экстрадициялық қамақты санкциялау — бұл халықаралық құқық саласындағы маңызды...

В рамках административного судопроизводства

Жилищные споры представляют собой конфликты, возникающие по поводу реализации...

Споры в сфере государственных услуг

Основными нормативными правовыми актами в сфере государственных услуг, в...

Гендерлік теңдік – әділетті қоғамның негізі

Гендерлік теңдік мәселесі сөз бола қалса, ойымызға нәзік жанды...

Статья на тему: «Цели и задачи ювенальной юстиции»

Ювенальная юстиция это комплексная система правовых, социальных, педагогических и...