12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алматы әкімі командасын жаңартып жатыр: Тағы бір орынбасар қызметінен кетті

Әсем Нүсіпова Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметінен кетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Әсем Нүсіпова 7 тамызда өз еркімен қызметінен кеткен.

Айта кетейік, ол 2022 жылдың ақпан айынан бастап Алматы әкімі орынбасары қызметін атқарып келген. Оның қарамағында білім, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау салалары болған.

Әсем Нүсіпова 1975 жылдың 1 мамырында Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі. «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша магистратура мен аспирантураны аяқтаған.

Еңбек жолын 1999 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де ассистент болып бастаған. 2001 жылы Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің экономикалық қауіпсіздік мәселелері бөлімінде бас сарапшы қызметіне тағайындалды. 2002–2003 жылдары Президент Әкімшілігінің Жүйелі зерттеулер орталығы секторының меңгерушісі болды.

2003–2005 жылдары ҚР Қаржы министрінің кеңесшісі, сондай-ақ ЕурАзЭҚ хатшылығындағы Ұйымдастыру-эксперттік топтың кеңесшісі қызметтерін қатар атқарды. 2005 жылы Премьер-министрдің кеңесшісі әрі кеңесшілер тобының жетекшісі болды.

2006 жылы Премьер-министр Кеңсесінің Жинақталған талдау бөлімін басқарды.

2007–2008 жылдары ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі қызметін атқарды, кейін 2016 жылға дейін «ҚазТрансОйл» АҚ-ның экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры болды.

2016–2019 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2020 жылы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы, ал 2020 жылдың қазанынан 2022 жылдың ақпанына дейін денсаулық сақтау вице-министрі болды.

Еске салайық, Алматы қаласының жаңа әкімі Дархан Сатыбалды қызметке кіріскеннен кейін қала әкімдігінде кадрлық ауыс-түйістер басталған. Соңғы уақытта әкімдікте жеті негізгі лауазым иесі ауысқан.

Қазақстанда дүкендер мен супермаркеттерде ішімдік сатуға тыйым салу ұсынылды

Қазақстанда дүкендер мен супермаркеттерде ішімдік сатуға тыйым салу ұсынылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше елшілікте ауыс-түйіс жүргізді

Президент  Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше елшілікте ауыс-түйіс жүргізді.

Елімізде екінші нарықтағы үйдің құны шарықтады

Қазір мұндай баспаналардың шаршы метрінің орташа бағасы 567 мың теңгеге жеткен. Ал Алматыда тіпті 700 мың теңгеден асып кеткен.

1 қаңтардан бастап Қазақстанда зейнетақы мөлшері өседі

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда зейнетақы мөлшері өседі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мән-жайды айтты.

ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫ «БІР ТЕРЕЗЕ» ҚАҒИДАТЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС ІСТЕМЕК

Елімізде құрылыс сапасы бақылау орындарының тарапынан қатаң қадағаланатын болады. Парламент Мəжілісінің жалпы отырысында бірінші оқылымда қаралған Құрылыс кодексінің негізгі жаңалығы осы болып отыр.