Неге ұялы байланыс тарифі қымбат? Шенеуніктер жауап берді

Журналистер цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі өкілдерінен неге ұялы байланыс тарифі қымбаттай беретінін сұрады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Телекоммуникация комитеті төрағасының орынбасары Олжас Қабенов ведомство тарифті 2017 жылдан бастап реттемейтінін мәлімдеді.

«Олар бәсекелестік нарықта қалыптасады. Тарифті негізсіз көтеру туралы сұрақтар туындаса, әрбір жағдайды бөлек қарастыра аламыз. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне немесе бізге е-Otinish арқылы жүгіну керек», — деді Қабенов Үкіметте өткен брифингте.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Мун ведомство байланыс сапасын жақсарту бойынша жұмыс істеп жатқанын жеткізді.

«Осыған байланысты операторлар тарифті көтеруге тырысып жатыр, бірақ бұл мәселелерді пысықтап жатырмыз. Әрбір оператордың әлеуметтік тарифі бар, яғни тарифтер торы өзгереді, бірақ қолжетімді тарифтер де бар. Сонымен қатар, тарифті реттеу функциясы БҚДА-ға бекітілген», — деді Мун.

Журналистер вице-министрден өзі қандай тариф қолданатынын сұрады.

«Шамамен 3,5 мың теңге төлеймін», — деп жауап берді Мун.

Неге тариф қымбат, бірақ сапасы төмен? Еске салайық, бұған дейін дәл осы сауалға цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев жауап берді. 

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.