Қайтарылған активтер: 7 млрд теңге қайда жұмсалады?

Қызылорда облысында қайтарылған активтер есебінен 7 млрд теңгеге жаңа медициналық мекемелер салынады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Арнаулы мемлекеттік қордан Қызылорда облысындағы денсаулық сақтау саласындағы бірқатар жобаға шамамен 7 млрд теңге бөлінді.

«Бұл қаражат Арал, Қазалы, Шиелі және Жаңақорған аудандарындағы орталық аудандық ауруханалар жанынан жаңа ғимараттар салуға бағытталған. Онда инсульт орталықтары, рентгенхирургия бөлімшелері және басқа да бейінді бөлімдер ашылып, заманауи медициналық жабдықтар, соның ішінде магниттік-резонанстық томография, компьютерлік томография және ангиографиялық қондырғылар орнатылады», — деп жазылған хабарламада.

Нысандарды биыл пайдалануға беру жоспарланған.

Еске салайық, бұған дейін СҚО-да су құбыры инфрақұрылымын дамытуға елге қайтарылған заңсыз активтер есебінен 45 млрд теңгеден аса қаражат бөлінді.

Из плоскости кулуарных домыслов в строго правовое русло

КОНСТИТУЦИОННЫЙ СУД РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПОСТАВИЛ ТОЧКУ В ВОПРОСЕ ПРИМЕНЕНИЯ...

Алматыда сирек және өте сирек кездесетін жер металдарын зерттейтін орталық құрылады 

Қазақстан 34 минералдың 21 түрі бойынша жеткізуші елдердің қатарына кіреді.

ӘЧ-2026: Франция әлем чемпионатының жартылай финалына шықты 

Енді жартылай финалда Франция құрамасы Испания - Бельгия арасындағы ойында жеңімпаз атанған командамен кездеседі.

Аида Балаева Джеки Чанға мәдени байланысқа қосқан үлесі үшін алғыс айтты 

Балаева Джеки Чанды Қазақстандағы түсірілімнің басталуымен құттықтады.