Қазақстанда үй маңындағы дүкендердегі бағаға бақылау күшейеді

Қазақстанда үй маңындағы дүкендердегі бағаға бақылау күшейеді. Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына 15% сауда үстемесін бақылауды күшейтуге көшеміз. Сонымен қатар, тиімді басқару шешімдерін қабылдауға мүмкіндік беретін ӘМАТ бағасын талдау модулі іске асырылып жатыр», — деді сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев.

Сонымен қатар, Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек алушыларға азық-түлік ваучерлерін ұсыну бойынша пилоттық жоба іске қосылады. Ваучер әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын үстеме бағасыз сатып алуға мүмкіндік береді. 

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.