12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

SHYMKENT HUB – ЦИФРЛЫ СЕРПІЛІСТІҢ ӨЗЕГІ

Елімізде IT білім, инновация және технологиялық кәсіпкерліктің жаңа көкжиегі ашылып, сандық технологиялардың іс жүзінде кеңінен дамып жатқаны рас. Бүгінде тұтас жер-жаһанның барлығы көшіп, замана керуенінің жаңа кезеңіне айналған цифрлық дәуірде әр ел көшбасшылық үшін қолынан келгенше тырмысып жатқанын атап өткен жөн. Бұл орайда қашан да жаңа үдерістің басты капиталы – адам екенін ұмытуға болмайды.

Жаңа ғасырдың жүрдек талабына сай білікті кадрлар мен технологиялық шешімдерді қалыптастыруда еліміздің əр аймағында жаңадан инновациялық орталықтар құрылып жатқаны цифрлық салада тыңнан түрен салғандай оң ықпал мен ірі нəтижелерін көрсетіп келеді. Солардың ішінде оңтүстіктегі Shymkent Hub биылғы жылда табысты жобаларымен ерекшеленіп, өңірлік IT экожүйесінің негізгі тірегіне айналды десек артық айтпаспыз…

ЖЫЛДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК – САННАН САПАҒА

Shymkent Hub биыл жалпы саны 74-тен аса ауқымды іс-шаралар өткізіп, өңірдегі белсенді жастар мен студенттердің бастамасымен назарға ұсынылған стартаптарға қолдау көрсетуден бастап, болашақ IT-көшбасшыларын тəрбиелеуге дейінгі кең ауқымды бағыттарды қамти бастапты. Атап айтқанда, тек жыл басынан бері ғана жиырма екі мəрте Speaker Talks – халықаралық жəне жергілікті IT-сарапшылар мен кəсіпкерлердің шабыттандырар дəрістері мен ашық кездесулері ұйымдастырылған. Бұл алаң жаңа идеялардың, серіктестіктердің, кəсіпкерлік рухтың ошағына айналғанын айғақтаса керек. Сандық технология жəне инновация саласын жандандыруға баса назар аударған ұйым, сондай-ақ цифрландыру саласын қарқынды түрде дамытуға бағытталған басқа да іргелі шаралар легін қолға алғанын атап өткен жөн. Мəселен, бес мəрте өткізілген Digital Elshi шарасында əлемнің əр түкпірінде табысқа жеткен, бірақ түп-тамыры Шым кенттен бастау алған азаматтардың өз өміріндегі көрген мол тəжірибесімен бөліскен əсерлі басқосуларға ұласты. Ал, жаңа буын жастардың үлкен шоғырын жинаған Workshops шаралары 17 мəрте ұйымдастырылып, мұнда студенттер мен жас мамандарға арналған практикалық шеберлік сабақтары бəсекеге қабілетті ІТ-кадрлардың жаңа буынын даярлауға бағытталыпты. Shymkent Hub қолға алған əрі саланың дамуына ерекше тың серпін алуына ықпал еткен жобалардың бірі – Bootcamps болған. Сегіз мəрте түрлі арнайы тақырыптармен жүргізілген бұл шаралар барысында тереңдетілген оқыту мен стартап жобаларды жедел дамытуға арналған қарқынды бағдарламалар жасақталғанын да атап өткен жөн. Аса ауқымды əрі халық мейлінше көбірек жиналған жобалардың бірі цифрландырудың жаңа жүйелерін халыққа тарату жəне оның бүгінгі нəтижелерімен таныстыру мақсатында өткен үш бірдей форум кезінде көрініс тапты. Сан түрлі сала мамандары мен инвесторлар, мемлекеттік жəне жеке сектор өкілдерінің қатысуымен өткен кең ауқымды форум жаңа форматтағы дəстүрлі диалог алаңына айналып шыға келді десек қателеспейміз. Дəстүрлі шаралармен қатар сандық технологиялардың кең форматта қолданылуына ықпал ететін Meetups жобасы да он алты мəрте ұйымдастырылып, бұл Шымкенттің барлық IT-қоғамдастықтарының арасындағы тəжірибе алмасу мен ортақ идеяларды ұштастыруға арналған бейресми кездесулер алаңына айналған. Ал заманауи технологиялар мен тың идеяларды өмірге əкелетін алдағы болашақ тізгінін ғылыми жолмен бағындыруға қадам басқан жастар мен жасөспірім мектеп оқушыларына білімдерін Шымқаладағы алғашқы робототехника чемпионатында сынауы цифрландыру саласының қала мен оның жан-жағына тұтастай кеңінен таралуына ықпал еткені сөзсіз. Жергілікті RoboPark серіктестігімен өткен бұл сайыс жасөспірімдердің инженерлік ойлауын дамытып, болашақта жастардың технологиялық білімді тереңірек меңгерген ұрпақтың іргетасын қалауға мүмкіндік бергенін де атап өткен жөн. Халықтың ерекше ықыласына бөленген əрі зор қызығушылығын туғызған тағы бір жоба Хакатон деп аталады. Қаланың кілең мықтыларының басын қосқан FutureMakers Hackathon жобасында сайдың тасындай іріктелген 35 бірдей команда бақ сынасып, өзара мықтыны анықтап көрген. Бұл сайыста қарсыластарын қапы қалдырған үздік үштік жалпы сомасы 1,2 млн теңге көлеміндегі қомақты сыйақыға ие болды. Колледж студенттерінің басын қосып сандық технологияларды игеруге жігер берген CodeTriade Hackathon жобасы жергілікті политехникалық колледжбен бірлесіп өткізілді. Бұл шара – колледж деңгейіндегі жастардың білім мен индустрияны ұштастыру дың үлгісіне айналды десек артық айтпаспыз. КЕМЕЛ КЕЛЕШЕКТІҢ КІЛТІ – АДАМИ КАПИТАЛ Shymkent Hub тек технологиялық жобалармен ғана емес, адами капиталды дамытумен де айналыса бастаған. Бұған биыл өткізілген бірнеше ауқымды бастамалар айқын дəлел болмақ. Мəселен Cyber Tumar деп аталатын жаңа жобада мектеп оқушыларына арналған цифрлық сауаттылық іс-шарасы 45 баланы офлайн, 1500-ден астам қатысушыны онлайн түрде қамтығанын атап өткен жөн. Бұл жобаның басты мақсаты да жастарды ерте жастан технологияға бейімдеудің нақты қадамы болып отыр. Жастардың ерекше қызығушылығына ие болған TechDames клубы – IT əлемінде əйелдердің белсенділігін арттыру мақсатында құрылған бастама болып шықты. Тек жыл басынан бері ғана бұл клуб 15 тұрақты кездесу өткізіп үлгерген. Бұл – гендерлік теңдіктің тағы бір жарқын көрінісі екені сөзсіз. Жергілікті цифрландыру басқармасы қолға алынған жобалардың нəтижесі де аса мол екенін атап өтті. – Биылғы жылдың өзінде ғана мұнда жалпы саны 253 студент тəжірибеден өтті, олардың қатарында Мұхтар Əуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Қазақстан-Британ техникалық университеті, Шымкент халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Сүлеймен Демирел атындағы университет, Мирас колледжі секілді жетекші оқу орындарының өкілдері бар. Сондай-ақ цифрлық сауаттылықты арттыру мақсатында 300 адам онлайн оқыту курстарына тегін қолжетімділік алды. Бұл — өңірдің цифрлық мəдениетін қалыптастырудағы маңызды қадам,– деп атап өтті Шымкент қаласының цифрландыру басқармасының басшысы Мұхит Кемелов.

GTW CA – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ІРІ ФОРУМ

Биыл 12-14 қыркүйекте Shymkent Hub алаңында Орталық Азиядағы ең ірі технологиялық форумдардың бірі – GTW Central Asia өтпек. Форумға шетелдік ірі ұйымдар мен айтулы топ-спикерлер шақырылып отыр. Айта кетерлігі, бұл форум мемлекеттік бюджеттен бір тиын да қаржы бөлінбей, жеке инвестициялар мен серіктестіктердің қолдауы негізінде ұйымдастырылмақ. Бұл – Shymkent Hubтың өзін-өзі қаржыландыра алатын, тұрақты дамуға негізделген үлгілі экожүйе екенін айғақтайды.

Shymkent Hub – тек IT саласының емес, жалпы өңірлік экономиканың жаңа тынысы. Ол жас кəсіпкерлерді, бағдарламашыларды, стартаперлерді, сондай-ақ ұстаздар мен инвесторларды бір алаңға тоғыстыра отырып, креатив пен цифрлық мəдениеттің өркендеуіне жол ашып отырған заманауи істің зор жетістігі екенін атап өткен жөн. Цифрлық Қазақстан тұжырымдамасы аясында мұндай бастамалар елдің зияткерлік əлеуетін нығайтуға, жаһандық технология лық бəсекеге қабілеттілігін арттыруға зор үлесін қосары сөзсіз.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ

Психиатрическая экспертиза против воли

Шокирующий случай произошел на прошлой неделе в Алматы. Мужчину...

Сот төрелігін мемлекеттік тілде жүзеге асыру

Қазақстан Республикасының Конституциясында қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесіне ие...

Алматы қаласында Еріктілер кеңесінің мүшелері марапатталды

Ағымдағы жылдың 17 қыркүйегінде Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің...

Мемлекеттік қызметшінің әдебі

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 22 ақпандағы №814 жарлығымен...

Руслан Қошқарбаев: «Туризм – Қазақстанды әлемге танытатын ұлттық бренд болуы тиіс»

Руслан Қалдыбайұлы Қошқарбаев, халықаралық гид-нұсқаушы, виза сарапшысы, кәсіпкер – Руслан...