12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

КЕРІ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ СҮЗГІ

Қазіргі таңда Қазақстан «құқықтық мемлекет» қағидасын берік ұстанған ел ретінде өз дамуында жаңа кезеңге қадам басты. Бұл бағыттағы негізгі қозғаушы күштердің бірі – Конституциялық Сот пен заң шығару процесі арасындағы өзара тиімді байланыс. Бұл байланыс құқықтық жүйенің сапасына, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуына тікелей әсер етеді.

2023 жылғы конституция лық реформалар нəтижесінде елімізде Конституциялық Сот қайта құрылып, мəртебесі айтарлықтай нығайтылды. Ол – Конституцияның жоғары заңдық күші мен тікелей қолданылуын қамтамасыз ететін, азаматтар мен ұйымдардың конституциялық құқықтарын қорғауда соңғы əрі ең жоғары инстанция болып табылатын орган. Конституциялық Сот – тек бақылаушы орган емес. Ол – еліміздегі заңнамалық процестің сапасын арттырып, құқықтық жүйенің тұрақтылығына кепіл болатын құқықтық сүзгі рөлін де атқарады. Заң қабылданып қойған соң, оның кейбір нормалары Конституцияға сəйкес келмесе, бұл сот оларды жарамсыз деп тануға құқылы. Парламент пен Мəжіліс заң жобаларын талқылап, қабылдайды. Алайда бұл процесте барлық нормалар əрдайым Конституция талаптарына сай келе бермейді. Мұндайда Конституциялық Соттың кері байланыс тетігі іске қосылады. Бұл – құқықтық тəжірибеде өте маңызды демократия лық құрал. Кері байланыс мыналарға мүмкіндік береді: • қабылданған заң нормаларын уақытылы сараптап, конституциялық сəйкестігін тексеруге; • заңнамалық олқылықтарды жоюға; • азаматтардың құқықтарын заңсыз шектеуден қорғауға. Бұл орайда Конституция лық Сотқа тек мемлекеттік органдар емес, кез келген азамат немесе заңды тұлға да тікелей жүгінуге құқылы. Бұл – Қазақстан құқықтық мемлекетке бет алғанының айқын белгісі. Қоғам өмірінде заңдардың сапасы мен үйлесімділігі аса маңызды. Егер белгілі бір заң Конституцияға қайшы болса, ол қоғамда құқықтық дағдарыс туғызуы мүмкін. Мұндай жағдайларда Конституция лық Сот сүзгі қызметін атқарып, құқықтық кеңістіктің тазалығын сақтап отырады. Сот арқылы: • Конституцияға қайшы келетін нормалардан заңнама тазарады; • қоғамда заң үстемдігі мен əділеттілік принциптері нығаяды; • заң шығару органы өз жұмысына сын көзімен қарап, болашақта сапалы шешімдер қабылдауға ынталанады. Конституциялық Сот – əділеттің, құқықтың жəне қоғам мүддесінің күзетшісі. Ал Парламент – заң арқылы халықтың еркін білдіретін басты өкілдік орган. Екеуінің үйлесімді əрекеті – құқықтық тұрақтылық пен əділеттіліктің берік іргетасы. Біз, сот қызметкерлері, осы үдерістің ішінен көрініс табатын əрбір құқықтық шешімнің қоғамға қызмет етуіне мүдделіміз.

Қаламқас ЕСЕНҒАЗЫ, Ақтөбе қалалық №2 соты əкімшісінің басшысы

Психиатрическая экспертиза против воли

Шокирующий случай произошел на прошлой неделе в Алматы. Мужчину...

Сот төрелігін мемлекеттік тілде жүзеге асыру

Қазақстан Республикасының Конституциясында қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесіне ие...

Алматы қаласында Еріктілер кеңесінің мүшелері марапатталды

Ағымдағы жылдың 17 қыркүйегінде Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің...

Мемлекеттік қызметшінің әдебі

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 22 ақпандағы №814 жарлығымен...

Руслан Қошқарбаев: «Туризм – Қазақстанды әлемге танытатын ұлттық бренд болуы тиіс»

Руслан Қалдыбайұлы Қошқарбаев, халықаралық гид-нұсқаушы, виза сарапшысы, кәсіпкер – Руслан...