12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» – ҰЛТТЫҚ ИДЕОЛОГИЯНЫҢ МАҢЫЗДЫ БӨЛІГІ

2024 жылы басталған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы науқандық шара еместігіне бүгінде елдің бәрінің көзі жетіп отыр. Өйткені ол қоғамға экологиялық мәдениеттің жаңа талаптарын енгізу идеясынан бастау алған болатын. Бұл туралы Мемлекет басшысы жыл басында «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған сұхбатында: «Таза Қазақстан» жобасының жүзеге асуына, ең алдымен, әкімдер жауапты. Елді мекендердің тазалығы – тұрмыс сапасының жоғары екенін білдіреді. Мен аймақтарға барғанда қалалардың қалай абаттандырылғанына үнемі назар аударамын. Осы ретте «Таза Қазақстан» идеясы ұлттық идеологиямыздың аса маңызды бөлігіне айналуға тиіс» деген еді.

Жамбыл облысының түкпірдегі Мойынқұм ауданында да бұл бағыттағы жұмыстар бүгінде өз жалғасын табуда. Өңір басшысы Ермек Карентаевтың айтуынша, ауданның сəулеттік келбетін жақсарту мақсатында аудан бюджетінен биыл 170,0 млн теңге бөлініп, қазіргі таңда бірқатар жұмыстар аяқталды. Оның ішінде аудан орталығындағы Амангелді көшесінің кіре берісіндегі ауылдың келбетін бұзып тұрған қоршауларды жаңарту, Амангелді көшесіндегі көпқабатты 6 үйдің сыртқы келбетін əрлендіру, аумағын абаттандыру, балалар ойын алаңын орнату, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерін еске алу ескерткішінің бағанын қайта жаңғырту, Қиях ты ауылындағы көпқабатты 1 тұрғын үйдің шатырын ауыстыру бар. Сонымен қатар аудан орталығы Мойынқұм ауылына кіре беріс аркадан бастап Амангелді көшесінің аяғына дейін автомобиль жолын кеңейтіп, оны екіге бөліп, абаттандыру бойынша үлкен жоба əзірленуде. «Бірлік ауылында орналасқан орталық саябақты абаттандыруға аудандық бюджеттен 83,0 млн теңге бөлініп, бүгінгі таңда пайдалануға берілді. Сонымен қатар Биназар ауылында орналасқан орталық саябағын жөндеуге де 15,3 млн теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары басталды. Ұлы Жеңістің 80 жылдығына байланысты аудандағы барлық ауылдық округтерде орналасқан Ұлы Отан соғысы ардагерлерін еске алу ескерткішін қалпына келтіру үшін аудандық бюджеттен 68,0 млн теңге бөлініп, барлық жұмыстар толығымен аяқталды. Сонымен қатар Мойынқұм ауылындағы Амангелді көшесінің бойындағы аллеяны, Қ.Рысқұлбеков атындағы саябақты қайта жаңғыртуға 86,5 млн теңгеге сметалық құжаттамасы əзірленді», – дейді аудан əкімі Ермек Амангелдіұлы. Былтырғы сəйкес кезеңде де ауданда «Таза Қазақстан» акциясы аясында түрлі апталықтар ұйымдастырылған еді. Мəселен, 6-13 сəуірдегі алғашқы аптада «Таза өлке» атауымен өткен сенбілікте 19 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылған. Екінші аптада (20 сəуір) «Киелі мекен» деген атпен тарихи жəне мəдени ескерткіштердің аумағы тазартылып, үшінші аптадағы (27 сəуір) «Жасылаймақ күнінде» 495 түп ағаш көшеттері отырғызылып, 100-ден астам ағаш əктелді. Төртінші аптадағы (4 мамыр) «Өнегелі ұрпақ күнінде» ардагерлердің үйлері мен аулаларын да тазалау жұмыстары жүргізілді. Бесінші аптадағы (11 мамыр) «Мөлдір бұлақ күнінде» өзен-көлдердің маңайынан 18 тонна қоқыс қалдықтары жиналды.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ, «Заң газеті

Состоялось заседание Комитета профсоюзной организации области Абай

В городе Семей прошло заседание Комитета Общественного объединения «Профсоюзная...

Аягөз аудандық пробация қызметі тарапынан қайырымдылық көмек көрсетілді

Қасиетті Рамазан айы аясында Аягөз аудандық пробация қызметі бөлімінің...

Азаматтардың 70%-дан астамы жаңа Конституция бойынша референдумға қатысуға ниетті

Қазақстандық қоғамдық даму институты алдағы референдум туралы халықтың хабардарлығы...

Алматы метрополитені қызметкерлері референдумды қолдайды

Қалалық Жалпыұлттық коалиция өкілдері — Бахтияр Камалов пен Досымбек...

Қалалық Жалпыұлттық коалиция мүшелері «Көк Төбе» демалыс саябағының ұжымымен кездесу өткізді

Қалалық Жалпыұлттық коалиция мүшелері — Бахтияр Камалов пен Досымбек...