САНДЫҚ СЕРПІН: БЮРОКРАТИЯЛЫҚ КЕДЕРГІЛЕРДІ ЖОЮ ЖОЛЫ

Қазіргі кезең жаңа технологиялар мен цифрлық шешімдердің дәуірі. Мемлекет басқару ісінде де бұл өзгерістер айқын сезілуде. Цифрландыру – бюрократиялық кедергілерді азайтып, халыққа көрсетілетін қызметтерді қолжетімді, ашық және жедел етудің тиімді тетігіне айналды.

«Цифрлық технологиялар арқылы біз азаматтардың күнделікті өмірін жеңілдетуге жəне барлығына тең мүмкіндіктерге қол жеткізуге ниеттіміз. Ол үшін мемлекеттік басқаруды цифрландырудың сапалы жаңа форматына көшу керек. Оның мəні мемлекеттік саясаттың басты бағыты – адамға, оның қажеттіліктері мен мүдделеріне бағытталғандығында» деген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. Қазақстанда соңғы жылдары қолға алынған «Цифр лық Қазақстан» бағдарламасы осы мақсатта жүйелі түрде іске асуда. Бағдарлама аясында мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі электрондық форматқа көшіріліп, азаматтар бұрынғыдай ұзын-сонар кезекке тұрмай-ақ, қажетті құжаттарын үйде отырып-ақ ала алатын деңгейге жетті. 2024 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыруда айтарлықтай нəтижелерге қол жеткізілді. Цифрлық трансформацияның нормативтік жəне əдіснамалық негіздері əзірленді, сараптамалық база қалыптастырылды жəне түрлі салаларда ауқымды реформалар іске қосылды. Цифрлық трансформация ның негізгі құралдарының бірі бизнес-процестерді қайта құру болды. 1200-ден астам мемлекеттік үдерістерді қайта қарау нəтижесінде 23 мемлекеттік органда 468 бизнес-үдеріс оңтайландырылды. Бұл олардың орындалу мерзімін орта есеппен 45%-ға қысқартуға мүмкіндік берді. Атап айт қанда, Ауыл шаруашылығы министрлігінде 98 процестің реинжинирингі қызмет көрсету мерзімінің 55%- ға қысқаруына əкелді. Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық экономика министрлігінде бұл көрсеткіш сəйкесінше 55% жəне 85%-ды құрады. Жылдың басты жетістігі мемлекеттік қызметтерді цифрландыру деңгейін арттыру болды. БҰҰ деректеріне сəйкес, Қазақстан онлайн-қызметтер индексі бойынша топ-10 елдің қатарына кіріп, цифрландыру деңгейі бойынша 193 мемлекеттің ішінде 24-ші орынды иеленді. Жаңа цифрлық шешімдердің бірі – QR-код арқылы сəйкестендіру мен цифрлық құжаттар. Бүгінде азаматтар жеке куəлік, жүргізуші куəлігі мен басқа да маңызды құжаттарын телефоннан көрсете алады. Биометриялық сəйкес тендіру мен QR-қолтаңбаларды енгізу электрондық қызметтерді алу процесін жеңілдетті – бір жыл ішінде қазақстандықтар QR-кодтар арқылы 23 миллионнан астам құжатқа қол қойды. Бүгінгі таңда халықтың 93%-дан астамы eGov порталы арқылы электрондық қызметтерге қол жеткізе алады. Мемлекеттік қызметтердің 90,8%-ы смартфондар арқылы қолжетімді. Цифрландыру тек халыққа ғана емес, мемлекеттік қызметшілерге де тиімді. Құжат айналымы автоматтандырылып, шешім қабылдау үдерісі жылдамдады. Есеп беру, ақпарат алмасу, бақылау жəне мониторинг жүргізу – барлығы да арнайы жүйелер арқылы жүзеге асуда. Дегенмен, бұл бағыттағы жұмыс əлі де жалғасуда. Кейбір өңірлерде интернет сапасының төмендігі немесе тұрғындардың цифрлық сауаттылығының жеткіліксіздігі мəселе тудырып отыр. Сондықтан бұл саланы дамыту тек техникалық емес, сонымен қатар адами капиталды арттырумен де тығыз байланысты.

Аружан МАУЛЕНБАЙ, «Заң газеті»

QOSTANAI TECH Қостанай облысының цифрлық трансформация көшбасшыларының бірі ретіндегі мәртебесін растады

Қостанай өңірі еліміздің цифрлық трансформациясындағы жетекші орталықтардың біріне айналғанын...

QOSTANAI TECH подтвердил статус Костанайской области как одного из лидеров цифровой трансформации страны

Костанай стал одной из ключевых точек технологической повестки страны...

Тергеушінің бір күні: жауапкершілік пен әділдік

Түркістан облысы Полиция департаментіне қарасты Созақ ауданы полиция бөлімінің...

Сотни тысяч жителей ЗКО ощутят эффект от проектов МЭКС

В Западно-Казахстанской области продолжается модернизация коммунальной инфраструктуры. В Уральске...

БҚО-ның жүздеген мың тұрғыны ЭКСЖ жобаларының әсерін сезінеді

Батыс Қазақстан облысында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Орал...