Қазақстанда 1 тамыздан бастап электр энергиясы тарифі өседі

Қазақстанда 1 тамыздан бастап электр энергиясы тарифі өседі, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

29 шілдеде энергетика министрінің міндетін атқарушы қол қойған «Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту туралы» бұйрыққа сәйкес электр энергиясына жаңа шекті тарифтер белгіленді.

Құжатқа сәйкес электр энергиясын сатумен айналысатын мына компаниялар үшін тариф көтеріледі:

  • Т.И. Батыров атындағы Жамбыл МАЭС — 22,58 теңгеден 23,25 теңгеге дейін,
  • Ақтөбе ЖЭО — 17,54 теңгеден 18,19 теңгеге дейін,
  • «Жайықжылуэнерго» АҚ-13,25 теңгеден 13,95 теңгеге дейін,
  • МАЭК-Қазатомөнеркәсіп — 22,16 теңгеден 23,26 теңгеге дейін,
  • «Кристалл Менеджмент» АҚ — 15,27 теңгеден 16,09 теңгеге дейін,
  • «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС — 21,11 теңгеден 23,58 теңгеге дейін,
  • З-Энергоорталық — 16,77 теңгеден 18,46 теңгеге дейін,
  • Қызылорда жылу электр орталығы — 12,10 теңгеден 13,13 теңгеге дейін,
  • «Батые Пауэр» ЖШС — 15,89 теңгеден 17,63 теңгеге дейін,
  • Karabatan Utility Solutions ЖШС — 10,67 теңгеден 13,06 теңгеге дейін,
  • OzenMunaiProm ЖШС — 26,92 теңгеден 28,68 теңгеге дейін,
  • «Қазхром» ТҰК» АҚ — 10,67 теңгеден 11,65 теңгеге дейін,
  • «ССКӨБ» АҚ — 18,82 теңгеден 18,94 теңгеге дейін,
  • Энергия өндіруші ұйымдардың 63-ші тобы үшін киловатт-сағатына 44,02 теңге мөлшерінде тариф белгіленді.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.