12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ЖҰМЫСКЕРЛЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

Жаһандану және технологиялардың қарқынды дамуы сын-қатерге толы. «Әділетті Қазақстан – адал азамат» тұжырымы бұл өткелдерден лайықты түрде өтіп, биік жетістіктерге жетудің сара жолы. Өйткені, әділдік – дамудың мүмкіндігі. Бұл заң алдындағы теңдікті, адамның құқығы мен бостандығының құрметтелуін және қоғамның барлық мүшелері үшін тең жағдайдың болуын қажет етеді.

Азаматтар мəселелерін тиімді шешуге жəне қоғамдық пікірді ескеруге бағытталған қағидаттың бастысы – «Заң жəне тəртіп» тұжырымдамасы. Бұл заңдарды қатаң сақтау арқылы əділеттілікті орнату əдістерін анықтайды. Осы қағидат аясында қолға алынған шаралардың бірі жұмыскерлер құқығын қорғауға бағытталған. Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 23 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады. 2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 92 кəсіпорынның 2,1 мыңнан астам жұмыскеріне жалақы бойынша 882 млн теңге берешек екенін анықтады. Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында еңбек құқығы бұзылуының 3,6 мыңға жуық фактісі белгілі болды. Жалақы бойынша берешегі жəне еңбек құқығының бұзылуы анықталған кəсіпорындар басшыларына орындауға міндетті 1 951 ұйғарым берілді жəне 233 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нəтижесінде 2 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 755,4 млн теңге төленді. Жалпы еңбек заңнамасының сақталуы ҚР Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігінің ерекше бақылауында. 2025 жылғы 1 шілдедегі деректер бойынша, мемлекеттік еңбек инспекторлары 2 941 тексеру жүргізді, оның барысында 3 608 бұзушылық анықталды. Соның ішінде: еңбек саласында – 2 973, еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау бойынша – 616, халықты жұмыспен қамту бойынша – 19. Қабылданған шаралардың нəтижесінде 21 мың жұ мыскердің шағымы оң шешімін тапты. Бұл, əрине, қоғамдағы адалдық пен заңдылық қағидатының үстемдігіне сенімді арттыратын үрдіс. Осындай əрбір шара азаматтардың мемлекеттік саясатқа деген сенімін арттырып, ел мүддесі үшін еңбек етуге ұмтылдыратыны сөзсіз. Əділетті Қазақстанның тұғыры азаматтар құқығының əділ қорғалуымен биіктеп, беки түседі.

А.ТҰРМАҒАНБЕТОВА, «Заң газеті»

Мемлекеттік қызметшінің әдебі

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 22 ақпандағы №814 жарлығымен...

Судья мәртебесі және сот әдебі

Дана халқымыз «Әділ би – елдің құты» деп бекер...

Қылмыстық істегі медиация

Республикамыздың Медиация туралы заңы халқымыздың дау шешуде ұмытыла бастаған бітімгершілік жолын қайта жаңғыртты. Аталған заңның жұмыс...

Қойбағаровқа неге күштеп психиатриялық сараптама жасамақ болды?

Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы республикалық мемлекеттік қазыналық...

Сот төрелігін мемлекеттік тілде жүзеге асыру

Қазақстан Республикасының Конституциясында қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесіне ие...