1, 2 тамызға арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет 31 шілдеге және 1, 2 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Циклонның әсерінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Тіпті елдің оңтүстігінде де ыстықтың беті қайтады.

Республиканың солтүстігінде және шығысында кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, кейбір аудандарда бұршақ та жаууы мүмкін.

«2 тамыздан бастап циклонның артынан солтүстіктен антициклон ығысады. Соның әсерінен жауын-шашын тоқтап, солтүстік өңірлерде күндізгі ауа температурасы 15-20 градусқа дейін төмендейді», — деп жазылған хабарламада.

Аида Балаева Джеки Чанға мәдени байланысқа қосқан үлесі үшін алғыс айтты 

Балаева Джеки Чанды Қазақстандағы түсірілімнің басталуымен құттықтады.

Жұмыссыз қалғандарға қолдау: Жәрдемақыдан бөлек қандай мүмкіндіктер бар? 

Қазақстанда жұмыстан айырылу бұрынғыдай тек табыссыз қалу дегенді білдірмейді. Соңғы жылдары мемлекет азаматтарды уақытша қаржылай қолдап қана қоймай, оларды қайта еңбек нарығына бейімдеуге бағытталған бірнеше тетікті қатар іске асырып келеді.

Партиялар съезі саяси айқасқа айналды: Кім кімді ашық сынап жатыр?  

Партия съездері тек бағдарламалық құжаттарды бекіту алаңы ғана емес, саяси күштердің бір-біріне ұстанымын ашық көрсететін мінберге айналды.

Alatau City «жасыл» технологияларды енгізетін пилоттық алаңға айналуы мүмкін 

Кездесу қорытындысында тараптар ұзақ мерзімді әріптестікті дамытуға мүдделі екенін растап, инвестициялық жобаларды нақты пысықтау жұмыстарын жалғастыруға келісті.

Елімізде психологтардың кәсіби қызметіне бірыңғай талап енгізіледі

Қазіргі уақытта министрлік қажетті нормативтік құқықтық базаны әзірлеп жатыр.