spot_img
spot_img

Қорғаныс министрі із-түссіз кеткен тікұшаққа байланысты пікір білдірді

Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов Әуе қорғанысы күштерінің жоғалған EC-145 тікұшағын іздеу жұмыстарына қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы, авиация генерал-майоры Асқар Ізбасов Сорбұлақ көліндегі іздеу жұмыстары барысынан хабардар етті.

«Іздеу жұмыстарына су асты рельефі мен түбінің шөгінді, су лай болуы кедергі келтіріп отыр. Алайда 25 шілдеде жоғалып кеткен Әуе қорғаныс күштері EC-145 тікұшағының бортында болғандардың қай жерде екенін анықтау бойынша ауқымды іздеу құтқару операциясы күндіз де, түнде де тоқтамайды», — деді әскери-әуе күштерінің қолбасшысы.

Дәурен Қосанов жоғалған ұшқыштардың туыстарымен кездесті. Министр оларға қолдау білдіріп, операция тәулік бойы жалғасатынын, барлық ресурс жұмылдырылғанын және әскерилер жолдастарын табу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынын айтты.

«Біз соңына дейін әрекет етіп, іздеуді жалғастырамыз. Жақын туыстарына жан-жақты қолдау көрсетіледі, күн сайын байланыстамыз. Қайғылы жағдайдың себептерін анықтау және жоғалғандарды табу үшін бар күшімізді саламыз», – деді қорғаныс министрі.

Қорғаныс министрлігі мәліметінше, жоғалғандардың туыстары іздеу тобының құрамында Сорбұлақ көлін айналып өтіп, әуеден су түбін көру мүмкін еместігіне көз жеткізген.

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Іздестіру операциясына 400-ден аса адам, кинологиялық топтар, 70-тен аса жерүсті техникасы, 21 жүзу құралы, 10 ҰҰА, эхолоттар, суасты сканерлеу құралдары жұмылдырылған.

Еске салайық, бұған дейін жоғалған әскери тікұшақтың бөлшектері табылғаны хабарланды. 

Елімізде орташа жалақы өсуі мүмкін

Ұлттық экономика министрлігі Қазақстанның 2026-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын мақұлдады. Құжатқа сенсек, үш жылдан кейін қазақстандықтар айтарлықтай көп табыс табады.

Алматы іргесіндегі су қоймасы мемлекетке қайтарылды

Алматы іргесіндегі су қоймасы мемлекетке қайтарылды.

Бала тууға және бала күтіміне байланысты жәрдемақы мөлшері қанша?

Бала тууға және бала күтіміне байланысты мемлекеттік жәрдемақы мөлшері айлық есептік көрсеткіш бойынша есептеледі.

Депутат спорт саласындағы жаттықтырушылардың жалақысын көтеруді ұсынды

Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы футбол клубтарына қатысты мәселені көтерді.

Мемлекет басшысы Мәскеу және бүкіл Ресей патриархы Кириллді марапаттады

Мемлекет басшысы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII cъезіне қатысу үшін Астанаға келген Мәскеу және бүкіл Ресей патриархы Кириллмен кездесті.