12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Тәуелсіз елдің тарихи бастауы

БИЫЛ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫНА 30 ЖЫЛ ТОЛАДЫ. БҰЛ АЗ УАҚЫТ ЕМЕС. ОСЫ ЖЫЛДАР ІШІНДЕ КОНСТИТУЦИЯ ӘРТҮРЛІ РЕФОРМАЛАРДЫҢ БАСТАУЫ МЕН БАҒДАРЫНА АЙНАЛДЫ. ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ТАРИХИ БАСТАУЫ КОНСТИТУЦИЯ БІЗ ҮШІН ҚАСИЕТТІ ӘРІ ҚАСТЕРЛІ ҰҒЫМ БОЛСА, МЕМЛЕКЕТІМІЗ ҮШІН АСА МАҢЫЗДЫ ҚҰЖАТ. ЕЛІМІЗДІҢ БАРЛЫҚ ЗАҢЫ МЕН НОРМАТИВТІК АКТІЛЕРІ, МАҢЫЗДЫ ҚҰЖАТТАРЫ КОНСТИТУЦИЯНЫҢ НЕГІЗІНДЕ ЖАСАЛЫП, РЕСПУБЛИКАМЫЗДАҒЫ КЕЗ КЕЛГЕН ӨЗГЕРІС АТА ЗАҢҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ.

1995 жылдың 30 тамызы – ел тарихы үшін аса маңызды күн. Осы күні қазақстандықтар жалпыхалықтық референдумда өз еркімен таңдау жасап, жаңа Конституцияны қабылдады. Осылайша, егемен еліміздің құқықтық негізі қаланып, азаматтық қоғамды қалыптастырудың жаңа дəуірі басталды. Конституцияның қабылдануы сот жүйесінің түбегейлі өзгеруіне ықпал етті. Нəтижесінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың тиімді тетіктері жүзеге асырылды. Конституция – адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңның үстемдігі, соттардың тəуелсіздігі жəне əділдік принциптеріне негізделген десек, бұлар құқықтық мемлекет құруға ұмтылған елімізді дамытуда маңызды рөл атқарды. Қазақстанның сот жүйесі Конституцияның негізгі қағидаларына негізделген. Бұл азаматтардың құқықтарын қорғаудың жоғары деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік береді «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық жəне əлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам жəне адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп басталатын Конституцияда ел мен жердің, оның барлық байлығының, табиғи ресурстарының халыққа тиесілі екені анық жазылған. Адамның ар-ождан бостандығы əркімнің өз сенімі мен көзқарасын еркін ұстануы, дінін, дүниетанымын ашық білдіруі Ата Заңмен кепілдендірілген. Ата Заңдағы əр тарау мен əрбір бап, əрбір бөлік аса құнды маңызға ие. Мысалы, «Жалпы ережелер» бөлімінде мемлекеттіліктің негізі, саяси жүйе мен билік тармақтарының бөлінуі айқындалса, «Адам жəне азамат» тарауында адам ең жоғары құндылық ретінде белгіленген. Сонымен қатар, Ата Заңда адамның өмірі мен бостандығы, ар-намысы, қадір-қасиеті, құқықтары, т.б. жоғары деңгейде қарастырылып, əрбір азаматтың өміріне, құқықтары мен бостандықтарына деген құрмет пен қамқорлық нақтыланған. Ал «Президент», «Парламент», «Үкімет» бөлімдерінде мемлекеттік биліктің жоғары органдарының құқықтық мəртебесі, өкілеттігі мен міндеттері бекітілген. Заң үстемдігін қамтамасыз ету, сол арқылы əділдік орнату мəселелеріне «Конституциялық сот», «Соттар жəне əділет», «Прокуратура», «Адам құқықтары жөніндегі уəкіл» тараулары арналып, заң шығарушы, атқарушы жəне сот билігі белгіленді, олардың құзіреті мен өзара əрекет етуі заң тұрғысынан айқындалды. Мемлекет басшысының «Негізгі заң – қоғам арқа сүйейтін басты қағидаттар жиынтығы. Конституцияның арқасында заң үстемдігі мен тəртіп қамтамасыз етіліп, ауқымды өзгерістер кезең-кезеңімен іске асырылып жатыр. Қазақстанның өсіп-өркендеуіне əр азамат өз үлесін қосып келеді» деуі бекер емес. Себебі, Бас құжаттың бастауымен мемлекетіміздің беделі биіктеді. 30 жылда еліміз толайым табыстарға жетті. Мемлекетіміздің ішкі саяси тұрақтылығы сақталып, шет елдермен тиімді байланыс орнатылды. Қазақстанда жүзден астам этнос өкілдері тату-тəтті өмір сүруде. Отыз жылда Ата Заң бірнеше рет толықтырылып, заман талабына сай жаңартылды. Соңғы жасалған өзгеріс Адам құқықтары жөніндегі Уəкіл мəртебесін конституциялық деңгейге көтерді. Сонымен бірге, əр азамат Конституциялық Сотқа тікелей жүгіну құқығына ие болды. Ата Заңда жастардың белсенді қоғамдық өмірге араласуына, олардың құқықтарын қорғауға ерекше мəн берілген. Конституция – ұлт еркіндігі мен тəуелсіздігінің, бірлігі мен тұрақтылығының басты нышаны. Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай, Мемлекет басшысы «Рақымшылық жасау туралы» заңға қол қойды. Конституция күнінің құрметіне жарияланған рақымшылыққа жазасын өтеп жатқан 15 мыңнан аса адам іліксе, соның 4 мыңнан астамы бостандыққа шығады. Қалғандарының жаза мерзімі қысқартылады. Бұл қадамын шалыс басып, сүрінгендер үшін үлкен мүмкіндік. Конституцияда көрсетілгендей, Қазақстан демократиялық зайырлы мемлекет. Ата Заңның 3-бабының 1-тармағымен мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы халық екені айқындалған. Өз билігін тікелей республикалық референдум, сондай-ақ, сайлау арқылы жүзеге асыратын халық билік жүргізуді мемлекеттік органдарға тапсырады. Халық еркіндігін айқындайтындықтан Конституцияны əрбір қазақстандық құрмететуге міндетті. Конституция қабылданған күн – Қазақстан халқы үшін ең басты мерейлі мерекенің бірі. Барша қазақстандықты осынау ұлық мерекемен құттықтаймын. Еліміздің көк туы көкке өрлеп, халқымыздың тыныштықта өмір сүруіне шын жүректен тілектеспін.

Шынар РГЕБЕК, Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы

Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

Халқымыз үшін аса қастерлі мереке саналатын Конституция күнінің өмірімізде...

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

2025 жылдың 23 шілдесінде Алматы қаласында Әдеп жөніндегі кеңестің...

Әкімшілік істер бойынша эксаумақтық соттылықты қолданудың жаңа мүмкіндіктері

Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі мәтін бойынша...

1 шілдеден бастап Кассациялық сот өз жұмысын бастады

Мемлекет басшысы Судьялардың IX съезінде сот төрелігіне қолжетімділікті кеңейтуге,...