12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қадырдың тойы – қазақтың тойы

МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ МӘДЕНИЕТІ МЕН ӘДЕБИЕТІНІҢ, ӨНЕРІНІҢ, Т.Б. ӘЛЕМ ЖҰРТШЫЛЫҒЫНА ТАНЫЛУЫНА ҮЛЕС ҚОСҚАН ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ӨМІРІ, ОЛАРДЫҢ МЕРЕТОЙЛАРЫ ӘРҚАШАНДА ҚОҒАМДЫҚ МАҢЫЗҒА ИЕ. БҰЛАЙ ДЕП ОТЫРҒАНЫМЫЗ, ӘР ЖЫЛ ТАРИХТЫҢ ЖАҢА ПАРАҒЫН АШЫП, ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ МАҢЫЗДЫ ОҚИҒАЛАРДЫ ЕСКЕ ТҮСІРУГЕ МҮМКІНДІК БЕРЕДІ.

Мəселен, 2025 жыл жаһандық тарих пен мəдениет үшін ерекше жыл, себебі, бірқатар ірі тарихи оқиғалар, ұлы тұлғалардың мерейтойлары, қоғам үшін маңызды күндер атап өтілуде. Биыл сондай көрнекті тұлғалардың бірі əрі бірегейі – ұлт руханиятына өлшеусіз үлес қосқан, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның Халық жазушысы, «Тарлан» сыйлығының иегері, ақын Қадыр Мырза Əлінің туғанына – 90 жыл. Ақынның торқалы тойы жыр жампозының туған жері Жайық өңірінде де кеңінен тойлануда. Қазақ сөзінің құдіретін асқақтатқан, заман тынысын тереңінен толғаған, Ұлы Даланың мұңын да, сырын да жырлаған, жүректен шыққан жырымен халықтың үніне айналған Қазақтың Қадырының шығармашылығын он жылдан бері насихаттап, халыққа жеткізу жолында Орал қаласындағы Қадыр Мырза Əлі атындағы мəдениет жəне өнер орталығы аянбай еңбек етіп, мұрындық болып келеді. Бір жағынан қарасаң боз үйге, бір жағынан қарасаң мөлдір тамшыға ұқсайтын сəулетіне салтанаты келіскен ғимаратты өңір мəдениеті мен əдебиетінің жəне өнерінің руханият ордасы десе де болады. Орталықтағы Қадыр ақынның баға жетпес жеке жəдігерлері мен 6767 дана кітабы қойылған мұражай Жайық жұртшылығы мен өңірге қадам басқан мəртебелі меймандарға ақын өмірі мен шығармашылығын паш етіп тұрғандығын атап өткен жөн. Мерейлі жылдың басында «Қадыр хақындағы шығармашылық жұмыстардың өміршеңдігі» тақырыбында өткен алқа отырысында қабылданған шешім бойынша былтыр «Қадыр-қазына» жобасы аясында өткізілген «Қадыр жыры – халық үні» атты облыстық жыршы-термешілер байқауы, «Күндер-ай» облыстық əншілер байқауы, «Бұлбұл бағы» облыстық сазгерлер байқауларының жүлдегерлері орындаған туындылар статуэтка түрінде арнайы жинақ болып шықты. Орталық қызметкерлері Алматы қаласына арнайы барып, жыр шайырының шаңырағында болып, ақынның жары Салтанат апамызға 90 жылдық мерейтойға арналған статуэтканы сыйға тартты. Ақжайықтан аттанған бала Қадыр мен Алатау тұғырындағы дана Қадырдың арасында талант пен еңбектің, дарын мен даралықтың үлгісі білім беру мекемелерінде өткен іс-шараларда да кеңінен насихатталуда. Нақтылап айтар болсақ, Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің ұйымдастыруымен «Əсем лирикалық қалам» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция, «Əні өз елі – өлеңі өзегі» əдеби-сазды кеш, «Талассыз тау тұлға» атты Жəңгір хан атындағы БҚАТУ студенттерінің концерттік бағдарламасы өтті. Батыс Қазақстан облыстық білім беру басқармасы, «Дарын» қосымша білім беру орталығы жəне Қадыр Мырза Əлі атындағы облыстық мəдениет жəне өнер орталығы бірлесіп, мектеп оқушылары арасында «Қадыр оқулары» облыстық байқауын ұйымдастырды. Қадыр Мырза Əлінің ұлттық жəне əлем əдебиетінің дамуына қосқан үлесінің өміршеңдігінің сырын таныту, ақын шығармашылығын зерделеу жəне насихаттау, оның қазіргі заман үшін маңыздылығын көрсету, зерттеушілер, ұстаздар, ғалымдар мен əдебиетсүйер қауымның пікір алмасуына жағдай жасау мақсатында «Дəуір дарабозы» атты конференция өтті. Сырым ауданы əкімдігінің қолдауымен «Қадыр қалдырған құндылық» атты жобаны ақын атындағы орталықтың өнер ұжымы жыр сүлейінің кіндік қаны тамған Жымпиты ауылынан бастады. Қадыр орталығының өнерпаздары «Замана заңғары» атты əдеби-сазды кеш барысында ақын өлеңдері өзек болған əндер мен жыр-термелерді тыңдаушылар назарына ұсынды. Сонымен қатар, Орал қаласының мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімі мəдени-ағарту бірлестігі көркемөнерпаздарының қатысуымен «Алтын діңгек – өзім туған босағам…», Ғарифолла Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының ұйымдастыруымен «Нағыз қазақ – домбыра» атты дəстүрлі əншілердің əн кеші өтті. 2025 жылдың 9-10 шілде күндері Батыс Қазақстан облысы əкімдігі, БҚО мəдениет, тілдерді дамыту жəне архив ісі басқармасының қолдауымен, облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен өткен Қазақстанның Халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Тарлан» сыйлығының иегері, ақын Қадыр Мырза Əлінің 90 жылдығына орай «Қадыр жыры – халық үні» республикалық жыршы-термешілер байқауы өз мəресіне жетті. Байқаудың бас жүлде иегері маңғыстаулық Ақылбек Жұмалиевке «Дəуір дарабозы – 90» жобасы аясында тапсырыспен дайындалған Қадыр ақынның сөзіне жазылған өлеңдері, өз дауысымен жазылған бейнеүзінділер жинақталған статуэтка табыс етілді. Орталық директоры Дəулеткерей Атауұлының айтуынша, бұл – Қадыр тойының бір парасы ғана. Ақынның торқалы тойына арналған республикалық деңгейде өткізілетін ауқымды іс-шаралар алдағы күзде атқарылмақ.

Айгүл АХМЕТОВА, журналист

В СИЗО Астаны снова пресекли попытку передачи телефона в подошве обуви

В учреждении №64 Департамента уголовно-исполнительной системы по городу Астане...

«Ұрпақтар есінде» атты жылжымалы көрме ұйымдастырылды

2025 жылғы 30 шілдеде Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі...

Семь осуждённых освобождены по амнистии в честь 30-летия Конституции РК

28 июля в учреждении №3 Департамента уголовно-исполнительной системы по...

Алаяқтарға тосқауыл қажет

Соңғы жылдары елімізде алаяқтық оқиғалары артып барады. Әсіресе ғаламтор...