Алматыда Денис Теннің атына арналған көше берілуі мүмкін

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің анасы Алматыдағы бір көшеге ұлының есімін беру туралы ұсынысқа жауап берді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұған дейін Алматы әкімдігі қаладағы жеті ауданда орналасқан 156 көшені қайта атау туралы ұсынысты мәслихаттың қарауына жіберген. Көшелерге мәдениет, ғылым және тарих саласындағы танымал тұлғалардың есімін беру жоспарланған. Бұл мәселе тұрғындар және мәслихат депутаттарымен талқыланып, кейін сессияда түпкілікті шешім қабылданбақ.

Осыған байланысты Алматыдағы Бостандық ауданында Архат шағынауданындағы 7-көшеге Денис Теннің есімі берілуі мүмкін.

 Tengrinews.kz-ке берген сұхбатында Денис Теннің анасы бұл жаңалықтың күтпегенін айтты.

«Меніңше, бұл бұрыннан жасалуы тиіс нәрсе еді, бірақ мен бұл жаңалыққа өте қуаныштымын. Енді олардың қандай шешім қабылдайтынын білгім келеді», – деп қысқаша жауап берді Оксана Тен.

Денис Тен 1993 жылғы 13 маусымда Алматыда дүниеге келген. Денис мәнерлеп сырғанаудағы мансабын 1999 жылы бастап, 2006 жылы 12 жасында ересек спортшылармен күш сынасып, Қазақстан чемпионатын жеңіп алды.

Жасөспірімдер арасындағы Гран-приді (2008) жеңіп алған ол өз елінен Халықаралық конькимен жүгірушілер одағының (ISU) турнирінде медаль алған алғашқы конькиші атанды. Тен 16 жасында 2010 жылғы Олимпиадада Қазақстан атынан қатысып, ең жас ер қатысушы атанды.

Ол әлем чемпионаттарында екі рет медаль жеңіп алды: 2013 жылы күміс, ал екі жылдан кейін қола. Осы жетістіктер арасында Тен 2014 жылғы Олимпиадада үшінші орын алды. 2015 жылы Денис төрт құрлық чемпионатында алтын жеңіп алып, ISU чемпионатының алғашқы жеңімпазы атанды.

Фото: Tengrinews.kz

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.