Димаш Құдайберген Қырғызстанның халық әртісі атанды

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге Қырғызстанның халық әртісі атағы берілді. Тиісті жарлыққа Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қол қойды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі мәліметінше, Димаш Құдайберген Қырғызстанда «Мейкин Азия» фестивалінде өнер көрсеткен.

«Фестиваль қорытындысында Мемлекеттік хатшы Марат Иманқұлов Құдайберген Дінмұхаммедке (Димаш Құдайбергенге) – Қазақстан әншісі, композиторына – Қырғыз Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы достық пен мәдени байланыстарды нығайтуға қосқан үлесі үшін «Қырғыз Республикасының халық әртісі» құрметті атағын табыс етті», – делінген хабарламада.

Димаш Құдайберген – жеті октавалық бірегей дауыс диапазоны бар қазақстандық әнші. Ол 2015 жылы «Славян базары» байқауындағы жеңісінен кейін және 2017 жылы Қытайдағы «Singer» шоуына қатысқаннан кейін танымал болды.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.