Қазақстанның бірнеше өңірінде жер сілкінісіне байланысты дабыл іске қосылады

Елімізде «Жер-2025» атты республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өтеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Іс-шара 2025 жылғы 23-24 шілде аралығында елдің сейсмикалық қауіпті өңірлерінде өтеді. Олар – Алматы, Шымкент қалалары, Абай және Жетісу, сондай-ақ Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстары.

Республикалық оқу-жаттығу штабы Шымкентте орналасқан. Аталған өңірлерде тұрғындар дабыл сиренасын естиді, сонымен қатар адамдар көп жиналатын нысандарда сейсмикалық жаттығулар өткізіледі.

«Оқу-жаттығу жойқын жер сілкінісінен кейін туындайтын төтенше жағдайды жоюға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің дайындық деңгейін арттыру мақсатында өткізіледі. Іс-шараға республикалық, өңірлік азаматтық қорғау қызметтері мен жергілікті атқарушы органдар қатысады, олар жойқын жер сілкінісі жағдайында әрекет ету алгоритмін пысықтайды», – делінген ТЖМ хабарламасында.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.