ЖЕТІСУ-2 КОМЬЮНИТИ ОРТАЛЫҒЫ МЕН ҚАЗАҚ ЖОКЕЙ КЛУБЫНЫҢ БІРЛЕСКЕН «ECO DAY» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

2025 жылғы шілде күні Алматы қаласы Жетісу ауданында Жетісу-2 комьюнити орталығы мен Қазақ Жокей клубының бірлесуімен экологиялық бағыттағы «ECO DAY» акциясы ұйымдастырылды.

Шараның басты мақсаты – табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілікті арттыру және жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.


Іс-шара аясында:

  • Қазақ Жокей клубының аумағында және маңындағы жасыл аймақтар тазаланды;
  • Қатысушылар қоқыс жинап, сұрыптау бойынша тәжірибелік жұмыстар жүргізді;
  • Арнайы экобілім бұрышы ұйымдастырылып, қатысушыларға қалдықтарды қайта өңдеу мен пластикті азайту жолдары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді;
  • Жас көшеттер отырғызылып, табиғатқа жанашырлықтың нақты үлгісі көрсетілді.
    Акцияға жергілікті тұрғындар, жастар ұйымдары, еріктілер, оқушылар және экобелсенділер қатысты. Олар табиғатты таза ұстау – әр азаматтың міндеті екенін айтып, мұндай шаралардың маңызын ерекше атап өтті.
    Іс-шара соңында қатысушыларға алғыс хаттар мен экологиялық сыйлықтар табысталды.
    «ECO DAY» – бұл тек тазалық акциясы ғана емес, қоғамда экологиялық сананы қалыптастыратын, бірлескен жауапкершілік пен ұжымдық еңбекті дәріптейтін маңызды жоба.
    Жетісу-2 комьюнити орталығы мен Қазақ Жокей клубы мұндай шараларды алдағы уақытта да жалғастыруды жоспарлап отыр. Табиғатқа қамқорлық – келер ұрпаққа жасалған үлкен игілік екенін еске салды.

Полицейлер бейнебақылау камералары арқылы 70-ке жуық құқық бұзушылықты анықтады

Полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында...

Қазақстан мал шаруашылығы өнімдерін Грузия арқылы әлемдік нарыққа шығармақ

Қазақстан мал шаруашылығы өнімдерінің экспорт географиясын кеңейтіп, Грузия арқылы...

СЛУЖБА ПРОБАЦИИ: ВТОРОЙ ШАНС ПОД КОНТРОЛЕМ ЗАКОНА

Контроль без изоляции Суть пробации заключается в том, что осуждённый...

Переломить тревожную динамику

В КАЗАХСТАНЕ СНОВА ЗАФИКСИРОВАН РОСТ ДЕТСКИХ СУИЦИДОВ ПОЧТИ НА...