№79 түзеу мекемесінде сотталған әйелдер арасында сайыс өтті

Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №79 түзеу мекемесінде сотталған әйелдер арасында “Супер мама” сайысы өтті!

№79 мекемесінде жазасын өтеп жатырған сотталған азаматшалар арасында аналық мейірімді, отбасылық құндылықтарды және әйел адамның қоғамдағы рөлін насихаттау мақсатында «Супер мама» атты танымдық сайыс ұйымдастырылды.

Сайыс бірнеше кезеңнен тұрды. Қатысушылар үй шаруасына бейімділігін, қолөнер мен аспаздық шеберліктерін, сондай-ақ өмірлік тәжірибелерін ортаға салды. Шара барысында сотталған аналар өздерінің бала тәрбиесіне деген көзқарасын, отбасыға деген құрметін, шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

Сайысқа мекеме әкімшілігі Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының “Қоғамдық келісім” КММ, Атырау облысы ҚХА “Алтын шаңырақ “ Аналар кеңесі мен мамандар төрелік етті. Қатысушылар белсенділік танытып, өзара қолдау білдіріп, жағымды эмоциялар алды. Іс-шара соңында барлық қатысушыларға марапаттар мен алғыс хаттар табысталды.

Бұл шара сотталған азаматшалардың әлеуметтік бейімделуіне, ішкі ресурстарын арттыруға, рухани-психологиялық ахуалын жақсартуға ықпал етті. Шара соңы мекеменің тәрбиешілерінің ұйымдастыруымен қатысушы аналардың үйіндегі балаларының сағынышты сәлемдемелерімен аяқталды.

В Казахстане продолжают находить схроны с пропавшим оружием

Органы внутренних дел и национальной безопасности проводят скоординированную работу...

Қазақстан Республикасының сот жүйесіндегі жұмыс: кәсіби даму және мансаптық өсу перспективалары

Қазақстан Республикасының сот жүйесі – азаматтардың құқықтары мен заңды...

Некені тоқтатудың құқықтық негіздері

Некені (ерлі-зайыптылықты) тоқтату өздеріне байланысты емес мән-жайлар салдарынан (қайтыс...

Әкімшілік сот ісін жазбаша жүргізу

2021 жылдың 1 шілдесінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі...

Әкімшілік акті. Әкімшілік актіге қойылатын жалпы талаптар

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыруға...