Израиль мен Сирия атысты тоқтату туралы келісімге келді

Израиль мен Сирия атысты тоқтату туралы келісімге келгенін жазды жұма күні АҚШ-тың Түркиядағы өкілі Том Барак X әлеуметтік желісінде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен Сирияның уақытша президенті Ахмед аш-Шараа америкалық тараптың қолдауымен атысты тоқтату режимін енгізуге келісті.

Израиль премьер-министрі… және Сирия президенті… АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың қолдауымен атысты тоқтату туралы келісімге келді, — делінген хабарламада.

Бұл шешімді Түркия, Иордания және оның көршілері қолдады. Бұған дейін Түркия парламенті Израильдің Сирияға жасаған шабуылдарын айыптап, ресми Дамаск пен бейбіт тұрғындарды қолдайтынын айтқан болатын.

15 шілдеде Сирия үкіметі бірнеше күннен бері бедуин жасақтары мен друз қарулы топтары арасында ауқымды қақтығыстар болып жатқан оңтүстіктегі Ас-Сувейда провинциясына әскер жіберді. Сириядағы адам құқықтарын бақылау орталығы кем дегенде 102 адамның қаза тапқанын хабарлады. Сонымен қатар, Израиль Сирия қарулы күштерінің бас штабына соққы берді.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.