Fix Price 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстанда 38 жаңа дүкен ашты

Әлемдегі жетекші тұрақты төмен бағалар желілерінің бірі – Fix Price Group PLC 2025 жылдың бірінші жартысында Қазақстанда 38 жаңа сауда нүктесін іске қосты. Оның ішінде 16 дүкен бірінші тоқсанда, ал 22 дүкен екінші тоқсанда ашылған.

Жаңа дүкендердің ең көбі Астана қаласында — 9 сауда нүктесі, сондай-ақ Қарағанды және Ақтөбе облыстарында — әрқайсында 5 дүкеннен, Алматыда — 4 дүкен, Абай мен Солтүстік Қазақстан облыстарында — 3 дүкеннен ашылды.

Жаңа дүкендердің ашылуы жұмыс орындарының көбеюіне сеп болды — Fix Price Қазақстан нарығында жұмыс істеген уақыт ішінде 2,2 мыңнан астам адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етті.

«Қазақстанда біздің дүкендер саны артып келеді, ал жергілікті нарықтың әлеуеті — өте үлкен. Тұрақты сұраныс бар екенін көріп отырмыз, әрі қарай да дамуымызды жалғастырамыз. 2025 жылдың екінші тоқсанында Fix Price алғаш рет ұсынылмаған елді мекендерде де дүкендер ашты – бұл Ақмол және Қалбатау ауылдары», – деді Fix Price Қазақстан директоры Алексей Ермаков.

2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, Қазақстандағы Fix Price желісінде 368 дүкен жұмыс істеп тұр: оның 351-і – компанияның меншікті дүкені, ал 17-сі – франшиза негізінде ашылған.

Компанияның 2025 жылдың екінші жартыжылдығына арналған жоспары — ел аумағында 30-дан астам жаңа дүкен ашу.

AFM AI Hackathon 2026: қаржылық қылмыстарға қарсы технологиялар

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі әл-Фараби ҚазҰУ бірлесе IT-мамандарды,...

Импульс к крупной индустриальной платформе 

ЗАКЛАДКА ФУНДАМЕНТА ЕВРАЗИЙСКОГО ИНДУСТРИАЛЬНО-ЛОГИСТИЧЕСКОГО ХАБА – МАСШТАБНОГО ИНВЕСТИЦИОННОГО ПРОЕКТА,...

Священный талисман Независимости

ТОРЖЕСТВЕННОЕ МЕРОПРИЯТИЕ В ЧЕСТЬ ДНЯ ГОСУДАРСТВЕННЫХ СИМВОЛОВ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН...

Новые объекты в действии 

ПО ПОРУЧЕНИЮ АКИМА ОБЛАСТИ АБАЙ БЕРИКА УАЛИ В АКСУАТСКОМ...