Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №2 мекемеде тыйым салынған заттарды ішке енгізу әрекеті әшкереленді

2025 жылғы 14 шілдеде Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №2 мекемесінде жедел ақпаратты іске асыру барысында мекеменің жедел және режим бөлімдерінің қызметкерлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілері бірлесіп, тыйым салынған заттарды мекеме аумағына енгізу әрекетінің жолын кесті.

Құрылыс материалдарын жеткізіп жатқан мердігер ұйымдардың (ЖШС) біріне тиесілі автокөлік тексеру кезінде қызметкерлер қапиялылықпен жасырылған тыйым салынған заттарды анықтады. Атап айтқанда, ұялы телефондар, SIM-карталар, қуаттағыш құрылғылар мен құлаққаптар бояу құйылған герметикалық банкілердің ішіне полиэтиленмен оралған күйде тығылып, сырт көзге байқалмайтындай етіп жасырылған.
Тексеру барысында әртүрлі маркадағы бірнеше ұялы телефон, SIM-карталар, қуаттағыштар мен құлаққаптар тәркіленді. Барлық процесс жеке бейнетіркегішке жазылып алынды.

Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабына сәйкес әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылды. Ақпарат құқық қорғау органдарына және прокуратураға жолданды. Қазіргі таңда тәркіленген заттардың кімге арналғаны анықталу үстінде.

Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары, әділет полковнигі Ахмедов И.И. атап өткендей, департамент мекемелердің қауіпсіздігін нығайту, тыйым салынған заттардың ену жолдарының алдын алу және режим талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бағытында жүйелі түрде жұмыс жүргізіп келеді.

Шолпан-Атада Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтті: бірқатар қорытынды құжат қабылданды

Шолпан-Ата қаласында өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы аясында Қырғыз...

КАРЬЕРНЫЙ РОСТ НА ГОСУДАРСТВЕННОЙ СЛУЖБЕ: ПРИНЦИП МЕРИТОКРАТИИ

Одним из ключевых принципов государственной службы является меритократия, то...