12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Туберкулездің алдын алу бойынша  ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Алматы қаласы бойынша ҚАЖД №11 мекемесіндегі сотталған балалар арасында    Алматы қаласы №24 ҚП дәрігері Дүйсенбай Лаззат Берікқызы және фтизиатр дәрігері Бимбетова Әлия Тұрсынбекқызы құрамында туберкулездің алдын алу бойынша  арасында  ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізді.

 Дәрігерлер балаларға туберкулездің алғашқы белгілері, медициналық көмекке уақытылы жүгінудің маңыздылығы және емдеудің тиімділігі туралы түсіндірді. Сондай-ақ мамандар жастар арасында салауатты өмір салтын ұстану туралы әңгімелесіп, олардың сұрақтарына жан-жақты жауап берді. Сотталған балалар жазасын өтейтін №11 мекемеде Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрықтарымен бекітілген барлық норма қатаң сақталады. Балалар мекемеге келгеннен кейін үш тәулік ішінде флюорографиялық тексеруден өтеді және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен белгіленген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтау жұмыстары қатаң қадағаланады.    

Қылмыстық істегі медиация

Республикамыздың Медиация туралы заңы халқымыздың дау шешуде ұмытыла бастаған бітімгершілік жолын қайта жаңғыртты. Аталған заңның жұмыс...

Қойбағаровқа неге күштеп психиатриялық сараптама жасамақ болды?

Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы республикалық мемлекеттік қазыналық...

Сот төрелігін мемлекеттік тілде жүзеге асыру

Қазақстан Республикасының Конституциясында қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесіне ие...

Алматы қаласында Еріктілер кеңесінің мүшелері марапатталды

Ағымдағы жылдың 17 қыркүйегінде Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің...

Мемлекеттік қызметшінің әдебі

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 22 ақпандағы №814 жарлығымен...