Кәмелетке толмаған сотталған балаларға арналған тренинг өтті

 Алматы қаласы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты №11 мекемесіне «Азаматтардың құқықтарын қорғау және қазіргі қоғамдағы құқықтық мәдениет деңгейін арттыру — әлеуметтік тұрақтылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі басты рөлі» жоба аясында «Кәмелетке толмаған сотталғандар не білуі керек?» Кәмелетке толмаған сотталған балаларға арналған тренинг өтті. 

 Іс шараға Айман Муратовна Умарова – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық Құрылтай мүшесі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Ләззат Бекмұханбетқызы Ракышева – «Human Rights Lawyers» қоғамдық қорының президенті, заңгер Жеңісгүл Жапарханқызы Хабаева – «Human Rights Lawyers» қоғамдық қорының практик психологы Жолдасбаев Ғалымжан Сейтжанұлы-Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Ақылбеков Қалдыхан Насырұлы-Алматы облыстық адвокаттар алқасының адвокаты  қатысып, жазалы жасөпірімдермен кездесіп, жазалы жасөпірімдерге тегін кеңес берді. Жазалы балалармен адвокатар рақымшылық заң тураы түсіндірді, балалардың өздерінің жеке қойған сұрақтарына адвокаттар жауап берді. Сонымен қатар психолог маман Хабаева Жеңісгүл Джапарханова сұхбат жүргізді. Умарова Айман Муратовна балаларға бостандыққа шыққан кейін, балаларға заңсыз істермен айналыспауға, телеграм каналдары арқылы заңсыз жұмыстардан аулақ болуға ақыл кеңесін берді. Осындай іс шараның өту мақсаты— жасөспірімдердің құқықтық хабардарлық деңгейін арттыру; — сындарлы мінез-құлық дағдыларын дамыту; — өмірдің оң көзқарастарын қалыптастыру және қайта әлеуметтену процестерін қолдау — балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқықтық көмек алу жолдарын түсіндіру болып табылады. Сонымен қатар  адвокаттар алқасы мүшелері және т.б бала құқықтары жөніндегі өкілдері, Республикада жалғыз балалар колониясы болғандықтан келіп жағдайларымен танысып, олардың құқықтарының қамтамасыз етілуін қадағалап отырады-дейді Мекеме бастығының міндетін атқарушы әділет подполковнигі  Махамбетов Марат Берикович.

                                                             №11 мекеме Еркегүл Жеңісхан

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Түркістанда «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы Ясауитану ғылыми орталығының...

Право быть разными и оставаться равными – казахстанская модель общественного согласия представлена в Варшаве

Равенство прав, уважение к культурному многообразию и доступность социальной...

Сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасаудың жаңа сотқа дейінгі тәртібі

Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 24 маусымдағы № 325-VIII «Атқарушылық...

Мемлекеттік аукциондарда сатып алынған көлік құралдарын тіркеу және сотқа дейінгі шағымдану тәртібін сақтау туралы

Тәжірибеде мемлекеттік аукциондарда тәркіленген көлік құралдарын сатып алған азаматтардың...