Әлем картасында жаңа мемлекет пайда болады

Парижде Франция үкіметі мен Жаңа Каледония архипелагы тұрғындарының өкілдері арасында келісімге қол қойылды. Архипелаг Францияға ішінара тәуелді бола отырып, автономия алады. Франция премьер-министрі Франсуа Байру бұл «тарихи» келісім екенін айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Les Nouvelles Calédoniennes басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, келісімде Жаңа Каледония азаматтығын енгізу қарастырылған. Архипелаг тұрғындары бұл азаматтықты француз азаматтығымен қатар ала алады. Сондай-ақ жаңа мемлекет өз сыртқы саясатын дербес жүргізе алады.

Тұрғындардың өзін-өзі билеуі туралы жаңа референдум өткізу идеясы алып тасталды, бірақ келісім Жаңа Каледония тұрғындарының дауыс беруіне шығарылады. Ал провинциялық сайлаулар 2026 жылғы мамыр-маусымына шегеріледі деп күтіледі.

Жаңа Каледония мемлекетінің құрылуы жөніндегі мәселе архипелагта референдумға, сондай-ақ Франция парламентінде дауыс беруге ұсынылады.

Еске салайық, 2024 жылғы көктемде Париж ұсынған сайлау реформасына байланысты Жаңа Каледонияда жаппай тәртіпсіздіктер басталған еді.

Наразылықтарға Франция парламенті ұсынған заң жобасы себеп болды. Ол бойынша жергілікті сайлауда дауыс беру құқығы архипелагта 10 жылдан аса уақыт тұрақты тұрып жатқан адамдарға да берілмек. Қазіргі заң бойынша, 1998 жылға дейінгі тізімге енген азаматтар мен олардың балалары ғана дауыс бере алады. Бұл өзгеріс референдумдарда тәуелсіздікке дауыс берген байырғы тұрғындар — канактардың (халықтың шамамен 40%-ы) ықпалын әлсіретуі мүмкін деп бағаланған.

Жаңа Каледония туралы не белгілі?

Франция Жаңа Каледонияны 1853 жылы отарлап алған. 1946 жылы оған Францияның теңіз аумағы мәртебесі берілді. Бүгінде Жаңа Каледония — әлемдегі никель өндіретін үшінші ірі аймақ, алайда бұл сала дағдарыста, ал әр бесінші тұрғын кедейлік шегінен төмен өмір сүреді.

Алматыда 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні кең көлемде атап өтіледі

Қалада тұрғындар мен қонақтарға достық, ынтымақ және мәдени әртүрлілік сынды ауқымды мерекелік іс-шаралар легі жоспарланған.

Педагогтердің құқығы заңмен қорғалады

Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен жалпы отырыс­та депутаттар атқарушылық іс жүргізу­ді жетілдіру, педагог мәртебесі мен білім беру мәселелері туралы заң жобаларын бірінші оқылымда мақұл­дады.

2027 жылдан бастап оқу гранттары өзгереді 

Мәжілісте шетелдік жоғары оқу орындарының Қазақстандағы филиалдарындағы оқу ақысының қымбаттығы мәселесі көтерілді.

Медициналық білімде өзгеріс: Интернатура 1 жылға ұзартылады 

Мәжілісте медициналық білім беру жүйесіне қатысты маңызды өзгерістер талқыланды.

Домбыраны ұшаққа алып кіру ережесі қаралып жатыр  

Музыкалық аспаптарды қол жүгінде немесе багажда тасымалдау ережесі олардың көлеміне байланысты белгіленеді.