Азаматтық істер бойынша сот актілерінің орындалуы

АПК-нің 241-бабына сәйкес, шешім дереу орындау жағдайларын қоспағанда, заңды күшіне енгеннен кейін орындалуға жатады. Сот шешімі орындалғаннан кейін атқару парағы беріледі. Соттармен қаралған заңды күшіне енген сот актілері ҚР кодексінде көзделген заң талаптарына сай міндетті түрде орындалуы тиіс. Сот шешімі орындалуымен құнды.

Шешiм дереу орындалатын (алименттер алып беру, қызметкерге жалақыны, бiрақ үш айдан аспайтын жалақыны алып беру, жұмысқа қайта орналастыру, денсаулыққа зақым келуден, сондай-ақ асыраушысынан айрылуынан келтірілген зиянды, бiрақ үш айдан аспайтын зиянды өтеу, борышкерді банкрот деп тану туралы шешiмдер дереу орындалуға тиiс т.б) жағдайларды қоспағанда, заңды күшiне енгеннен кейiн осы Кодексте белгiленген тәртiппен орындауға жіберіледі, соттың шешiмi заңды күшiне енгеннен кейiн атқару парағы жазылып беріледі, мүлiк тәркiленген, мемлекет кiрiсiне өндiрiп алынған, сондай-ақ қылмыспен келтірілген нұқсан өндіріліп алынған, алименттер өндіріліп алынған, тарапы мемлекет болып табылатын мертігуден немесе денсаулыққа өзге зақым келуден, асыраушысынан айырылудан келтірілген зиянның орны толтырылған жағдайларда, сот өз бастамасымен ол жазылып берілген күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей атқару құжатын аумағы бойынша тиісті әділет органына не жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына орындауға жібереді.

Соттың дереу орындалуға тиiстi шешiмi бойынша атқару парағы шешiм шығарылған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей жазылып беріледі және орындауға жiберiледi. Атқару парағын бiрiншi сатыдағы сот шешiм заңды күшiне енген немесе iс жоғары тұрған соттан қайтарылған күннен бастап үш жұмыс күні iшiнде жазып береді. Атқару құжаты судьяның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылатын электрондық атқару құжаты нысанында жазылып берілуі мүмкін.

ӘҚБтК-нің 52 тарауында әкімшілік жазалардың жекелеген түрлерін орындау тәртібі — айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама заңды күшіне енген күннен бастап отыз тәуліктен кешіктірмей төлеуге тиіс, арнайы құқықтан айыру және әкімшілік қамаққа алу түрінде әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы ол шығарылған сәттен бастап тиісінше орындау органдарына жіберіледі, аң аулау құқығынан айыру, қаруды алып жүру және сақтау құқығынан айыру, рұқсаттан айыру не оның қолданылуын тоқтата тұру, қызметтi тоқтата тұру не оған тыйым салу заңды күшіне енген соң орындауға жіберіледі.Өйткені сот актілерін тиімді орындау – мемлекеттік заң жүйесінің маңызды шарты, мемлекетке деген сенімнің кепілі.

Утеубаев Канат Талғатбекович, Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотының судьясы

Региональный кадровый резерв города Алматы: путь к профессиональному успеху

Момент зачисления в резерв: что изменилось в вашем восприятии...

Алматыда мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада басталды

2026 жылғы 20 маусымда Алматы қаласында «Адал азамат» тұжырымдамасын...

В Алматы стартовала Спартакиада среди государственных служащих

20 июня 2026 года в Алматы стартовала традиционная спартакиада...

ПРОВЕДЕНО ОЧЕРЕДНОЕ ЗАСЕДАНИЕ СОВЕТА ПО ЭТИКЕ

В соответствии с повесткой дня были заслушаны результаты мониторинга...

ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Күн тәртібіне сәйкес мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін «е-Қызмет» жүйесінде...