Елімізде 257,5 млрд цифрлық теңге айналымға шығарылды

Қазақстанда 257,5 млрд цифрлық теңге айналымға шығарылды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Премьер-министр Олжас Бектенов цифрлық теңгенің көмегімен ақшаны таңбалауға және қадағалауға байланысты пилоттық жобаларды жүзеге асыру жөнінде жиын өткізді.

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов бүгінде айналымға 257,5 млрд цифрлық теңге шығарылғанын айтты.

«Платформа қазір тәжірибе-өнеркәсіп бойынша пайдалану кезеңінде, желтоқсанда оны толыққанды іске қосу жоспарланып отыр», — деді ол.

Ұлттық банктің цифрлық трансформациялау жетекшісі Бинұр Жаленовтің сөзінше, цифрлық теңге бүгінде оннан аса бағыт бойынша сыналған.

Цифрлық теңге — блокчейн технологиясына негізделген ұлттық валютаның жаңа түрі, ол қаражатты тек нақты мақсаттарға пайдалануға мүмкіндік береді.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.