Үкімет 3,6 млрд теңге бөлді: қаржы қайда жұмсалмақ?

Ақтау қаласының жылу желілерін реконструкциялауға Үкімет резервінен шамамен 3,6 млрд теңге бөлінді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды. Жалпы құны 13,8 млрд теңге болатын бұл жобаны іске асыру 2024 жылы басталды.

«Жоба аясында екі құбырлы жүйемен 5,5 шақырым жылу желісі тартылды. Ескі болат құбырлар бөлшектеліп, олардың орнына 530 мм-ден 1020 мм-ге дейінгі заманауи құбырлар орнатылып жатыр. Сондай-ақ, 2024-2025 жылғы жылыту маусымында анықталған 375 ақау толығымен жөнделді», — деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, Ақтау қаласының жылу желілерінің жалпы ұзындығы — 562 шақырым. Тозу деңгейі — 79%. 

Еске салайық, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысындағы жылу желілерін жылыту маусымына дайындауға Үкімет резервінен 2,5 млрд теңгеден аса қаржы бөлінді. 

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.