Қазақстанда қандай ақшаны айырбастауға болмайды?

Қазақстанда қандай ақшаны айырбастауға болмайды? Бұл сұраққа Ұлттық банк жауап берді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2021 жылғы 12 маусымнан бастап Қазақстанда 2006 жылы шығарылған банкноттарды айырбастаудың мерзімсіз кезеңі бар. Айналыстан шыққан 2006 жылғы үлгідегі банкноттарды Ұлттық банктің филиалдарында мерзімі бойынша қандай да бір шектеусіз айырбастауға болады.

Ұлттық банктің Tengrinews.kz-ке берген жауабына сүйенсек, мерейтойлық банкноттар заңды төлем құралы саналады, олар екінші деңгейдегі банктер, Қазпошта бөлімшелері, сондай-ақ, Ұлттық банк филиалдарында еш шектеусіз қабылданады және айырбасталады.

«2011-2017 жылдар аралығында шығарылған «Қазақ Елі» сериялы банкноттар белгіленген кезең ішінде айналыстан алынады. Осы кезең аяқталғаннан кейін барлық банк пен Қазпошта ескі үлгідегі банкноттарды 3 жыл ішінде жаңа үлгідегі банкноттарға айырбастайды, ал Ұлттық банк филиалдары ескі үлгідегі банкноттарды мерзімі бойынша шектеусіз қабылдайды. 2006 жылға дейін шығарылған барлық басқа банкнот айырбасталмайды және айналыстан алынған деп есептеледі», — деп жазылған жауапта.

Осылайша қазақстандықтарда 90-шы жылдар үлгісіндегі теңге сақталса, бүгінде олардың ешқандай құны жоқ және олар айырбасталмайды.

Ұлттық банк мәліметінше, 2024 жылдың басынан бері қазақстандықтар 2006 жылғы 500 теңгені 17 миллион теңгеден аса сомаға 35 058 банкнотқа; 2006 жылғы 1000 теңгені 18 миллион теңгеден аса сомаға 18 248 банкнотқа айырбастаған.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.