12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Перизат Қайраттың соты неліктен ішінара жабық өтеді?

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Сабыржан Кәрімов Перизат Қайратқа сот отырысы неліктен ішінара жабық өтетінін түсіндірді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сабыржан Кәрімовтің айтуынша, сотты жабық отырыста өткізуге негіз жоқ.

«Белгісіз адамдарға қатысты банк құпиясы бар мәліметтер сақталуы қажет екенін ескере отырып, сот айыпталушылардан жауап алу кезінде, соның ішінде олардың түсініктемелері құпия ақпараттың жария болуына әкеп соғуы мүмкін жағдайда, сондай-ақ, қылмыстық іс материалдарының құпия банк ақпаратына қатысты бөлігін зерттеу кезінде сот талқылауының жариялылығын шектеу туралы шешім қабылдады. Қалған бөлігінде сот процесі ашық түрде өтеді», – деді Сабыржан Кәрімов.

Сот шешіміне сүйенсек, қорғау тарабы сотты жабық өткізуді сұраған, себебі Перизат Қайраттың ісінде Палестина халқына көмектесу үшін жиналған қаражат та бар.

«Қазақстанның Израиль және Палестинамен халықаралық қарым-қатынасына әсер етуі мүмкін мән-жайларға қатысты өтініште келтірілген уәждерге келсек, айыптау қорытындысына сәйкес мемлекеттер арасындағы әскери қақтығысқа қатысты жағдайлар көрсетілмеген, бұл бөлік бойынша Перизат Қайратқа айып тағылмаған, ал сот істі тек тағылған айып шеңберінде қарайды», – деп түсіндірді судья.

Еске салайық, 9 шілдеде таңертең Астана сотында Перизат Қайратқа қатысты алдын ала тыңдау өтті. Оған азаматтар мен ұйымдардан жиналған 3 миллиард теңгеден аса қаржыны жымқырды деген айып тағылған болатын. Айыпталушылар сот процесіне БАҚ өкілдерінің қатысуына қарсы болып, сот отырысын фото және видеоға түсіруге рұқсат бермеді.

Перизат Қайрат туралы не белгілі?

Перизат Қайрат — Biz Birgemiz Qazaqstan қайырымдылық қорының төрайымы, Қазақстандағы белсенді еріктілер қозғалысының жетекшісі ретінде танымал. Ол су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету, Газа секторындағы гуманитарлық миссиялар және басқа да қайырымдылық шараларымен айналысып, қоғамда беделге ие болды.

2024 жылы 14 қарашада Қаржылық мониторинг агенттігі Перизат Қайрат 1,5 миллиардты жымқырды деген күдікке ілінгенін хабарлады. 

Сонымен қатар ол 2023 жылғы қарашада Палестина тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету үшін қаражат жинап, оның 200 миллионын қалтасына басқан деген күдікке ілінді. ҚМА дерегінше, 2023 жылғы желтоқсанда осы ақша есебінен Перизат Қайрат Sensata Plaza элиталық кешенінен 49 миллион теңгеге үш бөлмелі пәтер және 30 миллион теңгеге Mercedes-Benz EQE 500 4 Matic жаңа көлігін сатып алған.

2024 жылы 16 қарашада Астана қаласының тергеу соты Перизат Қайрат 2 айға қамауға алынғанын хабарлады. 

2024 жылы 13 желтоқсанда Перизат Қайраттың элиталық пәтерлері, қымбат көліктері бұғатталды. Сондай-ақ Перизат Қайраттың тұрғылықты жерін тінту барысында қайырымдылыққа жиналған қаражатқа сатып алынған қымбат техника, Cartier, Graff, Rolex, Bulgari, Gucci, Louis Vuitton, Versace, Chopard, Hermes, Dolce & Gabbana, Prada және т. б. сияқты танымал әлемдік брендтердің киімдері, аяқкиімі, зергерлік бұйымдары, сөмкелері тәркіленді. 

Рост цен – под контролем?

В ПРАВИТЕЛЬСТВЕ ПОДВЕЛИ ИТОГИ ИНФЛЯЦИИ ЗА ПЕРВОЕ ПОЛУГОДИЕ 2025 ГОДА. КАБМИН ПРЕДПРИНИМАЕТ МЕРЫ ДЛЯ СДЕРЖИВАНИЯ ЦЕН И СМЯГЧЕНИЯ ТАРИФНОЙ НАГРУЗКИ.

Ұлт мүддесін емес, ата-бабасын дəріптеуге ұмтылатындар бар

2021 жылы 5 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы жарық көрді. Онда Президент халқымыздың тарихи санасын жаңғырту айрықша маңызды екеніне ерекше назар аударды.

АЙЛЫҚТЫҢ АЗДЫҒЫНАН КӘСІБИ МАМАНДАР СОТ САЛАСЫНАН КЕТУГЕ МӘЖБҮР

Сот жүйесі қоғамдағы əділеттілікті қамтамасыз ету міндеті жүктелген маңызды институт. Бұл жүйенің тиімді жұмыс істеуі қоғамның құқықтық мəдениетін, заңға деген сенімін жəне құқықтық тəртіптің нығаюын қамтамасыз етуге негіз болады. Дегенмен, сот жүйесі алдында бірқатар шешімін таппаған мəселелер тұр, олардың ішінде тіл мəселесі, аудармашылардың тапшылығы, сот қызметкерлерінің əлеуметтік жағдайына қатысты сұрақ көп.

Елімізде 257,5 млрд цифрлық теңге айналымға шығарылды

Қазақстанда 257,5 млрд цифрлық теңге айналымға шығарылды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді.

eGov толығымен жаңартылады. Не өзгереді?

Қазақстан eGov.kz-тің жаңа моделіне көшеді. Жаңа нұсқа туралы мәліметтерді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ұсынды.