Көліктер мен жүктерді шекара арқылы өткізу ережелері өзгеруі мүмкін

Көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды Қазақстан шекарасы арқылы өткізу, оның ішінде ақылы негізде электрон кезек жүйесін пайдалану арқылы өткізу ережелері өзгеруі мүмкін. Жаңа ережелерді ҚР Ұлттық экономика министрлігі «Ашық НҚА» порталында талқылауға ұсынды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жаңа ережелер туралы:

Жобаны әзірлеушілердің пікірінше, бұл өзгерістер шекарадан өту мен маршрутты жоспарлау кезінде бәрі ашық, тәртіпке сай және болжауға оңай болатынын қамтамасыз етеді.

Құжат 14 шілдеге дейін қоғамдық талқылауға ұсынылған.

«Жоба құқық қолдану тәжірибесін, тасымалдаушылардың өтініштерін және қолданыстағы заңнаманың ережелерін ескере отырып әзірленді», – делінген құжаттың түсіндірмесінде.

Негізгі өзгерістер мыналарды қамтиды:

  • Жалған мәліметтер үшін және броньды пайдаланбағаны үшін жауапкершілік енгізу: пайдаланушылардың аккаунттарын бұғаттау және кепілдік жүйесі арқылы жүзеге асырылады;
  • Жергілікті атқарушы органдарға өткізу бекеттерінің маңында күту аймақтарын ұйымдастыру міндеттеледі;
  • Кезектен тыс және жедел өту тәртібі бөлініп, жедел өту үшін жеке ақылы режим енгізіледі;
  • Артықшылығы бар жүктер (жануарлар, тез бұзылатын, қауіпті жүктер) үшін жеке слоттар құрылады;
  • Фотоға түсіру, сәйкестендіру, мемлекеттік дерекқорлармен (мысалы, VIN-код және сақтандыру) жұмыс істеудің техникалық механизмдері нақтыланады;
  • Бірнеше рет бронь жасауға шектеу, бронь уақытын ауыстыру мүмкіндіктерін кеңейту қарастырылған.

Жүк тасымалдаушылар Қазақстан шекараларындағы өткізу бекеттерінде ұзын-сонар кезектерге жиі шағымданады. Маусымның басында батыс өңірде жүк көліктері шекарада 10 шақырымдық кезекте тұрып қалды. Олар бірнеше күн бойы өз кезегін күткен. 

Алматыда 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні кең көлемде атап өтіледі

Қалада тұрғындар мен қонақтарға достық, ынтымақ және мәдени әртүрлілік сынды ауқымды мерекелік іс-шаралар легі жоспарланған.

Педагогтердің құқығы заңмен қорғалады

Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен жалпы отырыс­та депутаттар атқарушылық іс жүргізу­ді жетілдіру, педагог мәртебесі мен білім беру мәселелері туралы заң жобаларын бірінші оқылымда мақұл­дады.

2027 жылдан бастап оқу гранттары өзгереді 

Мәжілісте шетелдік жоғары оқу орындарының Қазақстандағы филиалдарындағы оқу ақысының қымбаттығы мәселесі көтерілді.

Медициналық білімде өзгеріс: Интернатура 1 жылға ұзартылады 

Мәжілісте медициналық білім беру жүйесіне қатысты маңызды өзгерістер талқыланды.

Домбыраны ұшаққа алып кіру ережесі қаралып жатыр  

Музыкалық аспаптарды қол жүгінде немесе багажда тасымалдау ережесі олардың көлеміне байланысты белгіленеді.