12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Негізсіз баюға жол берілмейді

ҚР Азаматтық кодексiнің 1119-бабының 3-бөлігінде көрсетілгендей, негізсіз баю ұғымы Қазақстан Республикасының құқығы бойынша анықталады.  Ал  осы кодекстің 953-бабының талабына сәйкес, заңнамада немесе мәміледе белгіленген негіздерсіз мүлікті басқа адамның есебінен сатып алған немесе сақтаған адам 960-бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, негізсіз сатып алынған немесе иеленген мүлікті қайтаруға міндетті. Заң ережелері мүлікті сатып алушының, жәбірленушінің өзі немесе үшінші тұлғалардың іс-әрекетіне, оқиғаның салдарына қарамастан қолданылады.

Соған орай, айтар болсақ,  заңсыз жолмен байыған адам өзі  негiзсiз иеленген немесе жинақталған қандай болса да мүлiктiң кем шыққаны, бүлiнгенi үшiн жәбiрленушiге жауап бередi. Негізсіз байлықтың құны 956-бапқа сәйкес, өтеледі.  Мүлiктi заттай қайтару  мүмкін болмаса оны иеленуші жәбiрленушiге мүлiктi алған кездегi нақты құнын дереу өтеуi тиіс. Бұлай болмаған жағдайда мүлiк құнының кейiнгi өзгеруi нәтижесінде келтiрiлген шығындарды өтейді.

  Өзгенің мүлкi мен қызметі уақытша пайдаланылса (оны иелену ниетiнсiз) жәбiрленушiге оның құны пайдалану тоқтатылған кездегi және сол жердің бағасымен есептеліп беріледі.  Азаматтық кодекстің 958-бабына сай, өзінің негізсіз байығанын бiлген  адам тез арада осы мүлiктен өзi алған, сондай-ақ, алуға тиiстi болған барлық кiрiстердi жәбiрленушiге қайтаруға мiндеттi. Негiзсiз жолмен ақша иемденген адамға бұл заңсыздық туралы білісімен бөгде ақшаны пайдаланғаны үшiн тұрақсыздық айыбы есептеледі.

Негiзсiз алынған немесе жинақталған мүлiк қайтарылған немесе оның құны өтелген кезде мүлiктi иемденушi өзiне түскен пайданы есептей отырып, кiрiстi қайтаруға, өзі мiндеттi болған уақыттан бастап мүлiктi ұстауға және сақтауға қажеттi шығындарды өтеудi жәбiрленушiден талап ете алады. Мүлiктi иемденушi қайтарылуға жататын мүлікті қасақана ұстаған жағдайда шығындарды өтеу құқығы жойылады. Осы кодекстің 960-бабынан  қайтарылуға жатпайтын негiзсiз байлық түрлерін білуге болады.

   Зaңғa негізделген және негізсіз иеленудің aйырмaшылығы, негізсіз бaю турaлы нормaлaр мен зaтты aйрықшaлaу турaлы ережелерді сaлыстыру бaрысындa бaйқaлады. Мәселен, шaрттa өзгеше көзделмесе, өз мaтериaлдaрынaн дaйындaлғaн зaтқa меншiк құқығын aлушы ол зaтты өңдеудi жүзеге aсырушыға құнын өтеуге, aл ол aдaм жaңa зaтқa меншiк құқығын aлғaн ретте соңғысы мaтериaлдaрдың меншiк иесiне олaрдың құнын қaйтaруғa мiндеттi. Зaңға негізделген өңдеудi жүзеге aсырғaн адам жaңa зaтқa меншік құқығынa ие болaды, бірaқ, ол мaтериaлдaрдың құнын меншiк иесiне қaйтaрады. Өйткені, ол мaтериaлдaрдың меншiк иесiнің aрқaсындa негізсіз бaюы мүмкін.

Негізсіз баюға қатысты заң нормалары елімізде 2027 жылдан бастап қолданылады. Яғни, парасаттылыққа (сатылмаушылыққа) тексеру, қаржылық тергеу институттарын, сондай-ақ,  негізсіз баюға жауапкершілік енгізу, параны уәде еткені/ұсынғаны үшін қылмыстық жауапкершілік осы және басқа да новеллалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған жаңа тұжырымдамасын іске асыру аясында енгізіледі. Осыған байланысты мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген адамдар мен жұбайларының шығыстары мен кірістерінің сәйкестігіне бақылау жүргізіледі. Бұған қоса фискалдық және мансаптық санкциялар белгіленеді.

Ал биылдан бастап өз кірістерінің мөлшері туралы республиканың барлық азаматтары есеп береді, келер жылы олардың шығыстарын кірістерімен салыстыру процесі басталады. Негізсіз баю сыбайлас жемқорлықпен байланысты. «Судың да сұрауы бар» демекші, елімізде халық пен мемлекетке зиян келтіру нәтижесінде баюға жол берілмейді.

Айжан Устенова,

Наурызбай аудандық сотының судьясы

Алматы қаласы

Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі

Кейнгі көздері «адам өзгерді ме, заман өзгерді ме?» деген...

Сот актілерін орындау тәртібі және маңызы

Қазақстан Республикасында әділ сот төрелігін қамтамасыз етудің маңызды элементтерінің...

В Семее осужденные изготовили макет Байтерека своими руками

Байтерек - главный символ столицы Казахстана. Так, в день...

№64 мекемесінде неке қию рәсімі өтті

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №64...

Сотталғандарға амнистияға қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ведомстволық мекемелерінде сотталғандарға...