500 мың сириялық босқын Отанына оралды — БҰҰ

Мыңдаған сириялық босқын былтыр Башар Асад үкіметі құлағаннан кейін Отанына орала бастады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл туралы БҰҰ мәлімдеді. Ұйым өкілдерінің айтуынша, былтыр желтоқсаннан бері 500 мың босқын атамекеніне қайтып келсе, тағы 1млн 2 мың ішкі мигрант үйіне оралған.

Бірақ инфрақұрылымның күйреуі мен үкімет тарапынан қолдаудың жоқтығы жағдайды қиындата түсті. Әлі 6 милллионанан аса сириялық өзге елді паналап жүр. Мәселені шұғыл қалыпқа келтіру үшін сарапшылар үкіметке ұлттық жоспар әзірлеуді ұсынды.

Еске салайық, қазақстандық әйел Сирияға кетіп, қыздарын лаңкестік топ мүшелеріне күйеуге бермек болған. Сот үкімімен кінәлі адамға 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.